astana-view

СҚО Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнеске 4 бағыт бойынша қызмет көрсетеді

2021 жылғы 18 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
7329 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан жұмыс істейтін Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері кәсіпкерлікті қолдау бойынша қызметті жандандырды. 5 қаңтардан бастап  шағын және орта бизнестің 45 өкілі ХҚКО-ға тегін кеңес алуға жүгінді

Естеріңізге сала кетейік, Палата «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын бизнес өкілдері мен кәсіпкерлік бастамашыл азаматтарға сервистік қолдау көрсетеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша, осы жылы, бұрынғыдай, кәсіпкерлік субъектілері қызметтердің жалпы төрт түрін ала алады, қызметтер тегін көрсетіледі.

 «Біздің менеджер-кеңесшілерімізге бухгалтерлік, заңгерлік, маркетингтік қызметтер және мемлекеттік сатып алуларға қатысты қызметтер бойынша жүгінуге болады. Қызметтерді офлайн Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтағында алуға болады, орталық СҚО Кәсіпкерлер палатасында орналасқан, мекенжайы: Кәрім Сутюшев 60 көшесі, және онлайн g4b.kz сайтында. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы, кәсіпкердің жеке басын және мәртебесін растайтын құжаттары болуы керек. Сайтқа кіргеннен кейін сізге қажет қызмет түрін және кеңесші менеджердің атын таңдау керек. Қосымша сұрақтарыңыз болса, мына телефонға хабарласыңыз: 50-28-74. Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдеріне немесе кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға ұсынатын барлық қызметтер үздіксіз және ақысыз көрсетілетіндігін баса айтқым келеді», – дейді СҚО Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Айдос Ебжанов.

Сарапшының айтуынша, ШОБ арасында бухгалтерлік қызметтер сұраныста. Содан кейін маркетингтік, заңгерлік қызметтер және мемлекеттік сатып алулар мәселелері жөніндегі қызметтер.

  «5 қаңтардан бастап біздік менеджер-кеңесшілеріміз кәсіпкерлер, кәсіп бастауға ынтасы бар азаматтарға 45 сервистік қызмет көрсетілген. Белгілі болғандай жыл басы – түрлі есеп өткізу кезеңі. Осы бағыт бойынша бізге декларация тапсыру және статистикалық есептілік құруға 15 өтінім келіп түсті. Сонымен қатар, біздің мамандар қаржы институттарына құжаттарды тапсырудың бизнес жоспарларын құру бойынша жұмысты бастап кетті – бұл жұмыс маркетингтік қызметтерге қатысты. Қазірдің өзінде осындай 10 өтініш бар, сонымен қатар 10 кәсіпкер – жеке кәсіпкерлік, ЖШС ашу, ЭСҚ алу және әр түрлі шарттар жасасу кезінде заңгерлік қызмет көрсету үшін маманға жүгінген. goszakup.gov.kz порталының жұмысына, веб-сайтқа тіркелуге және Қазақстан Республикасының сауда алаңдарына қатысуға қатысты мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жыл басынан бері дәл осындай консультациялар берілді», – деп қорытындылады Айдос Ебжанов.

 Былтыр СҚО ӨКП бизнесті сервистік қолдау шеңберінде 858 қызмет көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер