astana-view

Шетелге шығарда Covid-ке байланысты өзгерістерді мұқият саралау қажет

2021 жылғы 20 Қаңтар
6418 просмотров

«Атамекен» ҰКП қазіргі уақытта Еуропа елдеріне бару рұқсат етілгенмен туристік визалар ешбір жерде берілмейтінін еске салады

 Оқу визасын алуды нақты оқу орнымен мақұлдау қажет. Мәселен, Германияның кейбір университеттері онлайн-режимде сабақ өткізеді, сәйкесінше оқу визасын бұл оқу орындары бермеуі мүмкін, бұдан бөлек, студент университет орналасқан елге барғанда баспана таба алмай, проблемаға тап болмақ.

 Виза орталығының ақпараты бойынша, Ұлыбританияға қазіргі кезде туристік және оқу визасы беріліп жатыр. Алайда, сол жерде орналасу бойынша барлық ақпаратты қосымша сұратым жіберіп, нақтылап алу қажет. Көп елде ұшақтан түскен соң 14 күнге оқшалау жүзеге асырылады. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ақпараты бойынша эпидахуалды ескере отырып, шетелдік студенттердің Ресейге келуіне шектеу қоюды алып тастау туралы шешім қабылданбаған.

БАӘ (Дубай), Мысыр, Түркия – Қазақстандықтар үшін тартымды туристік елдерге ҚР-дан 48-72 сағат бұрын жасалған Covid-ке ПТР-тестің нәтижесі  теріс анықтама болған жағдайда жол ашық. Қазіргі кезде Тайландқа кіруге рұқсат бар, бірақ Қазақстаннан тікелей рейс жоқ. Бұдан бөлек, бірақ өз қаражатыңызға 15 күндізгі карантинге оқшаулану керек.  

 Жағдай күнделікті өзгеріп жатыр. Сондықтан елден шығу туралы шешім қабылдамас бұрын соңғы өзгерістерді мұқият зерделеу және елшіліктерден қажетті консультациялар алу, сондай-ақ әуе қозғалысының қол жетімділігі туралы ақпаратты зерттеген абзал.

Кесте шаблонын ҚР Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметі департаменті 2020 жылы әзірлеген, ал мына ақпаратты ҰКП елшіліктердің деректері негізінде жаңартып жариялады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер