astana-view

Кәсіпкерлік субъектілердің кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау 2024 жылы басталады

2021 жылғы 22 Қаңтар
- Қызылорда облысы
11149 просмотров

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова айтты.

Палата сарапшысы осы жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталатындығын жеткізді.   

Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған:

- Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушылар мен олардың жұбайлары және мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілгендер, сондай-ақ олардың жұбайлары;

- Екінші кезеңде (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары;

- Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;

- 2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық ересек халқы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жалпыға бірдей декларацияға  тапсыруға міндетті.

Жеке тұлғалар жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірудің бірінші жылында активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынуға міндетті. Кейінгі жылдары кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) ұсынылады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар үшін тұрғылықты жері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада тапсыру мерзімі – 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмеуі немесе электрондық түрде – 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat mobile және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы да жүзеге асыруға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 нөміріне хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер