astana-view

Қазақстан Республикасының ҰКП 38 ірі салалық қауымдастықтың қатысуымен отырыс өтті

2014 жылғы 24 Сәуір
6626 просмотров

Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұржан Әлтаев экономика салалары үшін ағымдағы кадрлар қажеттілігін анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ кадрларды даярлау сапасын жақсарту бойынша 38 ірі салалық қауымдастықпен кездесу өткізді, олар – Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы, «KAZENERGY», «Қазақстанның машина жасаушылар одағы», «Қазақстанның сүт одағы».

Қазіргі уақытта ҚР ҰКП Үкіметтегі, Парламенттегі жиналыстардың барлық деңгейлерінде мамандар даярлау, Қазақстан кәсіпорындарын білікті мамандармен қамсыздандыру, халықты кәсіпкерлікке тартумен байланысты мәселелерді шешу бойынша бар күшін салуда.

Н.Әлтаев қазіргі күні кадр қажеттілігі мәселелері әлі күнге дейін ашық қалып отырғанын атап кетті. Қазірде біз үшін маңызды мәселелердің бірі қандай кадр қажет екенін түсіну болып табылады. Сонымен, тек қана 6 қауымдастықтың мұқтаждығының өзі («Қазақстан туристік қауымдастығы», «Қазақстанның құрылысшылар одағы», «Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастығы» және т.б.) орта және жоғары буынның 43 мыңнан аса маманын құрайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қауымдастықтармен бірлесе отырып ағымдағы қадр тапшылығын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.

Бүгінгі күні мамандарды даярлау сапасы, олардың бәсекеге  қабілеттілігінің төмендігі және біліктілігінің заманауи талаптарға сәйкес келмеуі өзекті проблема болып қалып отыр. ТжКББ-дің оқыту стандарттары мен бағдарламаларын жасап шығуда, сондай-ақ өндірістік оқыту процесінің өзінде еңбек нарығымен, жұмыс берушілермен қанағаттанарлықсыз қарым-қатынасы жүйелік фактор болып табылады.

Ол жұмыстың салыстырмалы түрдегі қысқа мерзіміне қарамастан, Ұлттық палата ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен сындарлы сұхбат құрды және кездесуге қатысушыларды осы алаңды белсене қолдануға шақырды. Ұлттық палата ҚР БҒМ бірлесіп 2014 жылға ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік адамзаттық капиталды дамыту саласының Бірлескен жұмыс жоспарын дайындады.

Индустрияландыру карталарына ұқсас және өңірлердегі МҮИИДБ басымдылықтарын жалғастырып Дуалды білім берудің жол картасын дайындау қажет.

Палата өз алдына шамшыл міндет қойды, яғни – облыстың ірі жүйе құрушы кәсіпорындарымен және бейіндік қауымдастықтармен бірлесіп біліктілікті көтеру және кадрларды қайта даярлау бойынша оқу орталықтарын ашу. ҰКП елдің әрбір облысында кем дегенде екі оқу орталығын құруды жоспарлайды. Оның үстіне, жер қойнауын пайдалану саласында қауымдастықтар жанынан біліктілікті көтеру және оқытуда жәрдемдесу бойынша Қор құрылатын болады.

Наурыз айында ОҚО Кәсіпкерлер палатасының индустриалды аумақта орналасқан оқу орталығы ашылды, сәуірде Алматы қ. кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілікті көтеру және сертификаттаудың салалық оқу-әдістемелік кластері ашылды.

Әлтаев Нұржан қауымдастықтың кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтерудегі маңызды рөлін атап кетті.

Кездесу барысында оған қатысушылар Ұлттық палата жұмысының болжамды бағытына қолдауын және оның бастамаларына қатысуға даярлықтарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер