astana-view

ҚР ҰКП қара металл сынығы мен қалдықтарды шетке шығаруға тыйымды созуды орынды деп санайды

2014 жылғы 24 Сәуір
9604 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының екі отырысының қорытындылары бойынша қара металл сынығы мен қалдықтарын шетке шығаруға тыйымды созу бойынша шоғырланған ұстаным қабылданды және ол бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп ішкі жеткізулер мен металл сынықтарын қайта өңдеуді ынталандыру бойынша баламалы экономикалық шаралар жасап шығару қажеттігімен тікелей байланысты.

Сынықтар мен қара металл қалдықтары нарығындағы жағдайды реттеу үшін мемлекеттік органдарға металл сынығын Биржалық тауарлар тізбесіне қосу мәселесін қарастыру, ал отандық металлургия кәсіпорындары мен сынық дайындаушыларға келісіп, өзара пайдалы шарттарда ұзақ уақыттық келісім-шарттар жасасу ұсынылды.

Өз кезегінде, Ұлттық палата Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне ҚР Табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігіне және «Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ-ғабатыс және оңтүстік өңірлерден Павлодар және Қарағанды облыстарына қара металл сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау тарифтеріне уақытша төмендетуші коэффициенттер орнату тапсырмасы берілсін деген ұсыныс жолдады.

Сондай-ақ Ұлттық палатаның нұсқауы бойынша ҚР Үкіметінің сынықты шетке шығаруға тыйым енгізу бойынша алдындағы қаулысынан Қазақстанда өңделмейтін қосындыланған болаттан қалдықтар, соның ішінде коррозияға берік болат алынып тасталды.

Сапалы сынықтарды экспорттаудың қалпына келтірілуіне жол бермеу мақсатында Елбасының 2014 жылғы 14-наурыздағы аз дегенде үстіміздегі жылдың шілдесіне дейін сынықтарды шетке шығаруға тыйымды ұзарту және кейін сапалы сынықтарды шетке шығаруға тыйым салумен ұлттық стандарттар қабылдауды қамтамасыз ету тапсырмасы келіп түскенін еске сала кетейік.

Мемлекет басшысының тапсырмасының негізінде Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Үкімет қаулысының жобасын қайта дайындады, ол уақытша тыйымды екі айға – үстіміздегі жылдың 21 сәуірінен 30 маусымына дейін созуды көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер