astana-view

Жанармай құю станциясына салынған айыппұлдың күші жойылды

2021 жылғы 01 Ақпан
- Ақтөбе облысы
6063 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен кәсіпкердің құқығы кезекті рет қорғалды. «BS-Exceed» ЖШС-ның мониторингтік топ өкілдерінің әрекетіне қатысты шағымы шешімін тапты

 Мәселемен танысқан сарапшылар Мәртөк ауданы бойынша мониторингтік топ «BS-Exceed» ЖШС-ның «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциясына тексеру жүргізу кезінде аудандық санитарлық дәрігердің 12.07.2020  жылғы БМСД-1 қаулысы 1.3 тармағына сәйкес келмейтін бұзушылықтарды анықтап, тексеру нәтижесін Мәртөк ауданы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерге әкімшілік шаралар қолдану үшін жібереді. Құрылған акт ЖШС-не 310 АЕК немесе 861 180 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді.

 «Анықталғандай, аудандық санитарлық дәрігердің БМСД-1 қаулысының 1.3 тармағы жанармай станциясында клиенттерге тауарларды жанармай станциясы, сақтандыру компаниялары, азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендерде терезе арқылы сатуды қарастырады». Осыған байланысты Мәртөк ауданы бойынша мониторингтік топ жанармай май құю станциясындағы мониторинг іс-шарасын жүргізу туралы актіні құрып, осы тармақты сақтамағаны үшін бұзушылықты тіркейді. Жанармай бекетіне терезе орнатып, оны терезе арқылы жүзеге асыруға кеңес беріледі. Құқық бұзушылық туралы акт жасалып, материал тиісті әкімшілік шаралар қолдану үшін санитарлық дәрігерлерге тапсырылды. Бұдан кейін кәсіпкер Мартөк аудандық СЭҚ-қа шақырылды,  онда кәсіпкерге егер ол кінәсін мойындайтын болса айыппұлдың 50 пайызын ғана төлеу мүмкіндігі барын түсіндірді. Мұндай шартпен келіспеген кәсіпкер палата көмегіне жүгінді, біз бұл құжаттардың күшін жою үшін жедел шаралар қолдандық. Хатпен облыстық прокуратураға шықтық. Өйткені санитарлық дәрігердің 07.12.2020 жылғы БМСД-1 қаулысы Ведомствоаралық комиссияның (МАБ) 2020 жылғы 14 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау талаптарын бұзған кезде әкімшілік шараларды қолдану жөніндегі лауазымды адамдардың іс-әрекеттерінің алгоритміне» қайшы келеді», – деді Ақтөбе облысы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшінов.

 Спикердің айтуынша, бизнесті жауапқа тартуға болатын 5 талап қана бар:

 1.  нысан қызметін шектеуге қойылатын талаптардың сақталмауы (жұмыс режимі);

2. - отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптардың сақталмауы;

3. - әлеуметтік арақашықтықты сақтамау;

4. - маска режимін сақтамау;

5. - келушілер санының шегін асыру.

Нәтижесінде «BS-Exceed» ЖШС заңды мүддесін толыққанды қорғау үшін Өңірлік палата облыстық прокуратураға Мәртөк ауданы бойынша санитарлық дәрігердің заңсыз әрекеті туралы және 07.12.2020 жылғы БМСД-1 қаулысының күшін жою туралы хат жіберді.

Нәтижесінде, Мәртөк аудандық прокуратурасы аудан әкіміне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолдады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бөлімі облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне «BS-Exceed»  ЖШС «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциясындағы материалды қараусыз қалдыру туралы хат жіберді.

Бүгінгі күні прокурорлық қадағалау актісі шыққаннан кейін кәсіпкер құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.

Бұл «Атамекен» палатасы мен облыстық прокуратураның мониторингтік топтардың лауазымды тұлғаларына және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарсы бизнес өкілдерінің шағымдарына негізделген карантинді шектеу шаралары кезеңінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы үйлестірілген жұмысының нәтижесі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер