astana-view

ЕАЭО Кеден кодексі: қандай өзгерістер талқылануда?

2021 жылғы 02 Ақпан
4264 просмотров

2020 жыл қазан айынан бастан Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіле бастады

 Пандемияға байланысты орын алған жағдайға қарай ЕАЭО-да кедендік реттеуді жетілдіру бойынша жұмыс бейнеконференция режимінде ұйымдастырылды.

 Пандемияның әсері Кодекс бойынша келіссөздер процесіне айтарлықтай әсер етті:

• ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын дайындау жөніндегі  Сарапшылар тобының отырыстары одаққа мүше  бір немесе бірнеше мемлекеттің қатысуынсыз жиі өткізіледі;

• Комиссия мәжілістерге қатысу үшін берілген IP-мекенжайлардың санын шектеуге мәжбүр;

• сарапшылар тобының отырыстарына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер сарапшыларының аз ғана бөлігі қатысады;

• Қазақстанда екі платформа бар: Ұлттық экономика министрлігі (мемлекеттік органдар үшін) және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бизнеске).

Барлық аталған қиындықтарға қарамастан қазақстандық тарап келіссөздерге қорытылған позициясыз шығады, соның нәтижесі Кеден кодексі бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа айтарлықтай теріс әсер етеді. Осылайша, мемлекеттік органдар бір, ал бизнес – әдетте басқа позициясы айтады.

Бір айдан астам уақыт бойы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігінен ЕАЭО Кеден кодексіне бизнес қауымдастықтың бастамасымен енгізілген жаңа түзетулерді талқылауға қол жеткізе алмады.  

 Қазіргі кезде Одаққа мүше мемлекеттер мен Комиссия екі құжат бойынша жұмыс жүргізіп жатыр:

  1. ЕАЭО Кеден кодексі туралы келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы (кешенді);
  2. ЕАЭО Кеден кодексі туралы келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы (трансшекарадағы электронды интернет-сауданы реттеу мәселелері бойынша).
     

Осы жылдың 26, 27 және 29 қаңтарында ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы дайындау жөніндегі Сараптамалық топтың 7-отырысы өтті  (кешенді хаттама).

Сараптамалық топтың отырысында Комиссия мен Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарына алдын-ала ақпарат беру, Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі және тауарлардың жөнелтілуі туралы ұсыныстары қаралды.

Беларусь Республикасының Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар тасымалдайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты алдын-ала ақпарат ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін ұлттық деңгейде айқындау мүмкіндігін қарастырған ұсынысы бойынша қызу пікірталас туды.

 Кодекске сәйкес, кеден органдары алдын ала ақпаратты кеден операцияларды жүргізуді тездету және кеден бақылауын жүргізуді оңтайландыру үшін қолданады. Осыған байланысты жеке тұлғалар үшін қандай тездету және оңтайландыру туралы айтылып отыр, мұны техникалық тұрғыда қандай критерийлер бойынша орындайды? Ұсынысты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қолдамады.

 Армения Республикасы алдын ала ақпаратты тауарларға декларация ретінде қолдануды ұсынды. Бұл ұсыныс Одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері қызу қолдады, өйткені осылайша бизнес кедендік рәсімдеуге кететін шығындарды азайта алады, алайда бұл ұсынысқа қатысты мемлекеттік органдар мен Комиссияда көптеген сұрақтар туындады.

 Комиссия алдын-ала ақпарат беру үшін қолданылатын құжаттар, тұлғалар, құрылымдарды және т.б. анықтау үшін оның құзыретін кеңейтуді ұсынды.

Комиссия мен мүше мемлекеттердің ұсыныстарын алдын ала ақпарат бойынша Сараптамалық топта алдын ала талқылау туралы шешім қабылданды.

Комиссияның келесі ұсынысы Қазақстан тарапынан үлкен пікірталас тудырды:

  • декларант кеден органдары мен ЕАЭО мүше мемлекеттерінің мемлекеттік органдары (ұйымдары) арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде алуға болатын ақпаратты кеден органына бермеу құқығына қатысты Кеден кодексінен 80-бапты алыптастау бойынша;
  •  осы бапқа «Комиссияныі ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді» қосу (құқықтық негіздер қайда қарастырылған?).

Қазақстан Республикасы және Одаққа мүше мемлекеттердің авиа тасымалдаушы компаниялары әуе тасымалдаушының ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сәйкес Одаққа келген кезде кем дегенде алғашқы 6 таңба деңгейінде тауарлардың кодтары туралы ақпаратты міндетті түрде көрсетуі тұрғысынан Ресей Федерациясының ұсынысынан үзілді-кесілді қарсы шықты.

 Ресей, Беларусь және Қазақстан авиакомпаниялары мұндай ақпаратты беру мүмкін еместігі туралы позиция айтылды, өйткені бас жөнелтпе қағазда СЭҚ ТН коды туралы мәліметтер болмайды, авиатасымалдаушылар тауарды алушылармен емес, агенттіктермен жұмыс істейді.

 Ресей ұсынысын мүше мемлекеттер авиатасымалдаушыларының міндетті қатысуымен талқылау туралы шешім қабылданды.

 Жұмыс және Сараптамалық топтар өткізген жиынардың хаттамаларымен мында  танысуға болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер