Үй жанындағы дүкендер тауарға жөнелтпе құжат рәсімдеуге дайын емес
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлер жанындағы дүкендердің иелері бірқатар себептерге байланысты тауарларға жөнелтпе құжатқа дайын емес екендерін нақты білдірді. Себеп көп, оның бірі – есеп жүргізетін жеке мамандарды штатта ұстау мүмкіндігінің болмауы
Шағын дүкені бар кәсіпкерлер өздерін мазалайтын осы және басқа да мәселелер туралы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Палата директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев, Өңірлік кеңес мүшесі, Орталық бухгалтерлер үйінің жетекшісі Альмира Шарафутдинованың қатысуымен өткен кездесу барысында айтты.
«Бизнесті заңды қорғау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әмина Әбденова қазір енгізіліп жатқан жаңашылдық шағын дүкендерге енгізуге келмейтінін айтты.
«Әдетте үй жанындағы дүкендерде отбасы мүшелері жұмыс істейді, өткені программист, бухгалтер, еден жуушы, тіпті сатушыны жалдауға мүмкіндік болмайды. Виртуалды қойма, ЭШФ және тауарға жөнелтпе құжат енгізу – жұмыс күнінің соңында тауар атауы бойынша сатылымды таңдалымын жүргізу қажеттілігін білдіреді, бірақ егер жұмыс күні сағат 23:00-де аяқталса, кейін тазарту және дезинфекциялау жүргізілсе, бұл шаруаны қалай жасауға болады? Дүкенді біз таңертең сағат 8:00-де ашамыз, ал тауарлардың орташа ассортименті 120-150 аталымға жетеді. Бізде арнайы білім де, маманды жалдау мүмкіндігі де жоқ», – деді Әмина Әбденова.
Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі кезде сауда-саттықты банктер ұсынған pos-терминалдар арқылы бақылап отыруға болады. Бұл қызмет салық инспекциясының міндетті талабы, сонымен қатар халық арасында сұранысқа ие. Оның деректері бойынша осыған дейінгі қолма-қолсыз төлем сатылымдардың жалпы көлемінің 30 пайызын құраған, ал бүгінде (2020 жылдың аяғы) 85-90 пайызға өскен.
Кәсіпкер бұл шараны енгізуде қиындық барын ескеріп, кәсіпкерлерге жеңілдік жасауды сұрайды.
Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі Альмира Шарафутдинова бұл талаптар тек ҚҚС төлеушілерге қатысты болуы керек екенін баса айтты. ЭШФ – ҚҚС есебін жүргізуге арналған құжат, жеке кәсіпкерлерге – ҚҚС төлемейді, олардан ЭШФ талап ету негізсіз. ҚҚС төлемейтін, кішігірім сауда-саттықпен айналысатын жеке кәсіпкерге арналған тауарға жөнелтпе құжаттың көшірмесі қосымша еңбек шығындарын және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қаржылық ауыртпалық әкеледі, бұл шағын бизнестің мүлде жабылуына әкелуі мүмкін.
Тағы бір мәселе – жыл сайын АЕК-тің өсуіне байланысты бюджетке міндетті төлем көлемі артып келеді. Кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, сондай-ақ монополистердің қызметтеріне барлық міндетті төлемдер мен жаңашыл инновацияларға сараланған тәсілді енгізу қажет деп санайды.
«Мысалы, монополиялық ұйымдар барлық типтегі сатып алушыларға: ЖШС, АҚ (заңды тұлғалар), шағын және орта бизнес, жеке тұлғалар мен басқа да сатып алушылар санатына қызметтерді ұсынудың тарифтік шкаласын әзірлеуі керек. Мұндай шара ШОБ-қа үлкен қолдау көрсетер еді», – деп атап өтті Әмина Әбденова.
Үшінші мәселе ҚҚС міндетті тіркеу үшін ең төменгі айналымды азайту болып отыр.
«Бүгінгі күні ҚҚС-тың шекті мәні – жылына 30 000 АЕК (87 510 000 теңге) құрайды. Күнделікті табыс жылына 250 000 теңгені құрайтын кезде, айналым 90 000 000 теңгені құрайды, бұл жеке кәсіпкердің ҚҚС есебіне автоматты түрде ауысып кетуін білдіреді. Жеке кәсіпкерлерге тоқсан сайын қосымша салық ауыртпалығын көтеретін сату көлемінің 12% мөлшерінде төлем жүргізу қажет болады. Көптеген шағын дүкендер тауарлардың негізгі бөлігін ҚҚС төлеушілерден сатып алатындықтан, жеткізушіден ҚҚС қайтара (несие) болмайды. Қазіргі уақытта «ыңғайлы дүкен» сатушысының орташа маржасы 18%-ды құрайды, содан кейін міндетті түрде ҚҚС тіркеу үшін жеткізілім қажеттілігін ескере отырып, ол оны 35-40% дейін көтеруі керек. Тиісінше, кәсіпкерлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр, ал бұл өз кезегінде соңғы тұтынушының қалтасын қағады. Сондықтан ҚҚС шегін арттыру керек немесе оны сол деңгейде қалдыру керек», – дейді ол.
Кездесудің қорытындылай келе, Бейсен Жолдболдиев кәсіпкерлердің ұсыныстары зерттеліп, жинақталып, «Атамекен» ҚР ҰКП Орталық аппаратына жіберілетінін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: