astana-view

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ МЕН АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

2021 жылғы 10 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4182 просмотров

«Ақтаутеңізпорты» арнайы экономикалық аймағы инновациялық жобаларды іске қоса алмай отыр. Басты мәселе- аймақтың бір бөлігінің инфрақұрылымының жасақталмауы. Мұнда 4 субаймақта инфрақұрылым толықтай тартылған. Соның көмегімен онда 35 кәсіпорын орналасты. Енді қалған 4 субаймақтың жобалық жұмыстары дайындалуда. Осы мәселе бірінші кезекте шешілер болса, инновациялық, баламасы жоқ кәсіпорындар іске кіріскен болар еді.

 

 

 Бекбол Орынбасаров ««Ақтаутеңізпорты» АЭА» АҚ Басқарма төрағасы:

- Жобалар мысалы, парагенераторлық қондырғы, датацентр үлкен инновациялық жоба, аквакультура балық шығару зауытын салғымыз келеді. Мәселе инфрақұрылымға келіп тіреліп тұр.

Инвесторлармен мәселені бірлесіп шешу үшін арнайы экономикалық аймақ пен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Алда кәсіпкерлік пен инвесторларды аймаққа тарту жолдары қарастырылмақ. Жалпы 2 мың гектардан астам аумақты алып жатқан экономикалық аймақ 2003 жылы ашылды. Онда инвесторлар инфрақұрылыммен жасақталып, 6 түрлі салықтық төлемдерден босатылады.

"Қазір арнайы экономикалық аймақтың 1 мыңнан астам гектары бос тұр. Соған инвесторларды тарту-ортақ талап. Бұл мәселені жергілікті атқарушы билікпен шешу үшін жаңа механизмдер қарастырылуда. 700 гектарға орналасқан кәсіпорындардан инвестициялық түсім 400 млрд тг құраған. Экономикалық даму үшін бос жерлерді кәдеге жарату керек",- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер