astana-view

СҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі кәсіпорындарға 105 тәлімгер дайындады

2021 жылғы 17 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
6754 просмотров

 Өңірде колледждердің әлеуметтік серіктестері саналатын кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің мұндай ауқымын Солтүстік Қазақстан облысының Тәлігерлік мектебі дайындады.

Еске сала кетейік, 2018 жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өндірістегі білікті бизнес-тренерлердің тапшылығы мәселесін шешу мақсатында тәлімгерлік мектебін ұйымдастырды. Бүгінде бұл жоба еліміздің барлық өңірінде  сәтті жүзеге асырылып жатыр.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов атап өткендей, бұл жобаның мақсаты – білікті кадрларды тарту арқылы кәсіпорындардың өнімділік деңгейін өсіру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 «Тәлімгерлік институты арқылы жаңа қызметкерлерді жұмыс процесіне бейімдеу және оқыту бойынша ұйымдастырушылық міндеттер ойдағыдай шешілуде, кәсіпорындардың кадрлық саясаты жүзеге асырылып, мамандар кетуі төмендеуде, өндірістік әлеует дамып жатыр. Облыста 2018 жылдан бастап тәлімгерлерді дуальды оқытудың білікті тренер-мультипликаторы, Палата қызметкері Ирина Торопова дайындады. Осы уақыт аралығында ол барлығы 105 маман дайындап шықты», – дейді Арман Оразғұлов

 Түлектердің барлығы сертификаттарын алып, «Атамекен» ҚР ҰКП тәлімгерлер тізіліміне кірді. Атап айтқанда, өңірдегі 11 кәсіпорнының қызметкерлері, соның ішінде 7 ірі және 4 шағын кәсіпорын бар.

 «2020 жылы «Радуга» ЖШС 11 тәлімгеріне оқыту жүргіздік. Осы кәсіпорын жанында былтыр Инновациялық кәсіби даму колледжі ашылды, оқу орны «Автоматты және жартылай автоматты желілер, машиналар мен қондырғылардың операторы» біліктілігіне оқытады. Аталған оқу орны бірден Дуальды оқытудың жол картасына кірді, өйткені олар өндірістік оқыту мен практиканың 60%-ын қамтиды. Осыған байланысты олар шұғыл түрде өндірістік практикаға келген студенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерді даярлау қажет болды. Нәтижесінде біз сертификатталған 11 тәлімгерді дайындадық», – деді бизнес-тренер Ирина Торопова.

Тәлімгерлерді оқыту процесі екі күнді құрайды. Осы уақыт ішінде тыңдаушылар жұмыс орнында оқытуды модельдеу бойынша дағлырады игеріп, осы процесті құрылымдауға үйренеді.

 «Мамандарды дайындау шеңберінде сабақтарда біз дуальді оқыту регламенттелетін нормативтік-құқықтық актілері, Еңбек кодексімен танысамыз, жұмыс орында оқыту моделін қалай құруға болатынын айтамыз. Психологиялық-педагогикалық негіздерді қарастырамыз, ұжымдық жұмыс істеуді, көшбасшылық, қарым-қатынас құруды үйренеміз. Жоба нәтижесінде барлық студенттер белгіленген үлгідегі сертификаттарды алады және «Атамекен» жүргізетін Тәлімгерлер тізіліміне енгізіледі. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беруді жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру ережелерінде өндірістік практика кезінде студенттерді жұмыс орнында оқытуға жауапты кәсіпорындардың тәлімгерлеріне ақы төлеу қарастырылған. Сондықтан қазір мамандар-тәлімгерлерді даярлау жүйесі қарқынды түрде қалыптаса бастады», – деп тұжырымдайды дуальды оқытудың мультипликатор-тренері Ирина Торопова.

 Өткен аптада СҚО ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің қызметкерлері бейнебайланыс арқылы басқа өңірлердегі әріптестермен тәжірибе алмасты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер