СҚО Кәсіпкерлер палатасы облыстық мәдениет басқармасымен ынтымақтастықты нығайтуда
Бүгін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов және СҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бастығының м.а. Досбол Әбдрисов көрнекі ақпарат саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдар, Кәсіпкерлік кодекс пен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексті басшылыққа ала отырып, аталған құрылымдардың басшылары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда ынтымақтастық және іскерлік қатынастарды нығайту, оған жағдай жасау туралы уағдаласты.
СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов атап өткендей, екі ұйымның өзара іс-қимылының әлеуеті зор. Бұл шара кәсіпкерлердің жарнамалық белгілер мен көрнекі ақпараттар мәтіндерін жариялағанда тіл сауаттылығын сақтауы ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпаратты рәсімдеуде әдістемелік көмек көрсету көзделген.
«Бизнес өкілдерінде маңдайша жазулар мен жарнама, әсіресе ашық жерлердің көрнекі дизайны туралы көптеген сұрақтар туындайды. Палатаның негізгі мақсаттарының бірі – кәсіпкерліктің мүдделерін қорғау, өз кезегінде кәсіпкерлердің де қолданыстағы заңнаманы, соның ішінде ҚР «Жарнама туралы» Заңы және тіл саясаты саласындағы құқықтық нормаларды бұзуына жол бермеу. Біздің пікірімізше, қазіргі кезде бизнеске көрнекі ақпарат саласында көбірек көңіл бөліп, сапа деңгейін арттыру қажет. Менің ойымша, бұл меморандум жарнамалық мәтіндер мен көрнекі ақпаратты мемлекеттік тіл саясаты мен «Жарнама туралы» заң талаптарына сәйкестендіре отырып, мемлекеттік тілдегі жарнама мәдениетін дамытуға қызмет етеді», – дейді СҚО ӨКП директоры Арман Оразғұлов.
Өңірлік палата тәжірибесінде мұндай бағыттағы меморандумға алғаш рет қол қойылды. Осындай өзара іс-қимылдың өрбуі туралы біз облыстың бизнес қауымдастығын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабардар етеміз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: