astana-view

Украиналық мамандардан мастер-класс

2021 жылғы 19 Ақпан
- Түркістан облысы
5931 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруымен Украиналық Dairy Global Experts сараптамалық компаниясының мамандары  Ветеринарлық Қызмет Көрсету Орталығы пилоттық жобасына қатысушыларына «Бөрте-Милка» зауытында арнайы мастер-класс өткізді.

Сонымен қатар, украиналық мамандар арнайы семинар өткізіп, жемшөп дайындау мен азықтандыру, сүтті сиырлардың тұқымын жақсарту, сондай-ақ оларды күтіп-бағу бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Түркістан облысы кәсіпкерлер Палатасының бастауымен "Бөрте Милка" ЖШС-ның тауарлы сүт фермасы базасында сүт бағытындағы шаруалар үшін «Ветеринариялық білім беру және қызмет көрсету орталығы» бірегей жобасының жанданғанына 2 жылға таяп қалды. Роботтандырылған жүйелер мен өзге де инновацияларды енгізу арқылы сүт өндірісін дамытып отырған өңірдегі мекеме кәсібін әрмен қарай жандандырмақ.

Құрылғанына 10 жылдан асқан «Dairy Global Experts» компаниясының жобасын бүгінде – Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан қолданып отыр. Осы салада 256 практикалық семинар өткізген компанияның әлемдік аренада орны ерекше.

Зауыттағы қызметкерлер мен өңірлік мал дәрігерлеріне шараның берері мол болды. Семинар барысында қатысушылар сұрақ қойып, малды өсіріп-баптау жөнінде екі жақты пікір алмасты.

«Аталған шара осы салада білім алып жүрген студенттерге де қызықты болды. Теорияны тәжірибемен ұштастырып, өндіріс орнын көрді»,-дейді Қапланбек жоғарғы агротехникалық колледжінің мұғалімі Жалғасбек Жанаев.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының ауылшаруашылық кешені бойынша орынбасары Мади Ибадуллаев:

«Кәсіпкерлер, фермерлер мен болашақ мамандарға арналған мастер-класс алдағы уақытта жалғасын табады. Осы жылдың ортасына дейін шетелдік мамандармен бірлесе отырып 5 семинар өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деп алдағы жоспарымен де бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер