astana-view

Шығыста карантиндік шектеулер жеңілдеді

2021 жылғы 20 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
7203 просмотров

2021 жыл 19 ақпанда ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек пен Өскемен, Риддер қалалары және Шемонаиха ауданы  бизнес-қоғамдастығының өкілдері ШҚО бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Қанат Тұрдиевпен кездесті. Департамент басшысы шектеу шараларын жұмсарту жайында хабарлады

 «Гавань-Авто» ЖШС қызметкері Роман Беляев Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісіне өзінің барлық әріптестері атынан жексенді күні жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрап, өз тараптарынан санитарлық талаптардың барлығын орындайтындарына сендірді.

 Базардағы сауда саласында жұмыс істейтін Шемонаиха ауданының тұрғыны Алеся Зуева да осы мәселені көтерді, қазіргі кезде  азық-түліктік емес 5 базар бар, онда 154 кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Осы салада пандемия басынан кіріс орта есеппен 35-40 пайызға төмендеген.

 Күнделікті жұмыс істеуге рұқсат  беруді қоғамдық тамақтану сласынынң өкілдері де сұрады. Бұл туралы Риддер қаласының кәсіпкері Сәкен Абдуғалимов сұрады, онда 37 қоғамдық тамақтану орны бар, шектеу шараларын енгізуге байланысты ай сайынғы кіріс орта есеппен 40 пайызға кеміген.

 «Юбилейный» кинотеатрының иесі Мунира Ягудина 2020 жыл ішінде жұмыс істемей салдарынан шығынға батты. Кәсіпкер Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісінен кинотеатрға келушілер санын 50 пайызға арттыруды сұрады, қазір бұл көрсеткіш 20 пайызға тең.

 Кәсіпкерлердің талап-тілегі тыңжалған соң Қанат Тұрдиев қоғамдық тамақтану орталықтары күнделікті 07:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істей алатынын хабарлады. Азық-түліктік емес сауда нысандары, азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендер күнделікті сағат 18:00-ге дейін жұмыс істей алады. Осы ретте ауданы 1000 шаршы метрден асатын сауда нысандарында санитарлық патрульдерді құру керек, онда келушілердің маска тағуы мен әлеуметтік қашықтықты сақтауын тексереді.

 Карантиндік жексенбі шаштараз, сұлулық салондары мен барбершоп үшін де алынып тасталмақ, ал азық-түлік сататын нысандар тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Кинотеатрлар 30 пайыз толымдықпен, залда 100 адамнан артық емес көлемде жұмыс істеуге рұқсат алды.

 Би мен көпшілікті жинауға әзірге тыйым сақталады. Маска тақпай жүргендерге қатысты бақылау күшейтілмек, масканы дұрыс тақпағандарға айыппұл салынады.

 ШҚО бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Қанат Тұрдиев айтқан жеңілдіктер 2021 жылдың 22 ақпанынан бастап 7 наурызына дейін қолданылатын ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №4 қаулысында көрініс тапты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер