astana-view

Ауыл тұрғыны «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы кәсіп бастады

2021 жылғы 25 Ақпан
- Павлодар облысы
7307 просмотров

Өзіңізге ұнайтын және жақсы таныс іспен айналысқан абзал. Бұл ақиқат тұжырымдаманы Аққулы ауданының тұрғыны Жантен Ерден негізге алып, өз кәсібін ашуға талпынды.

Бір кездері заңгер мамандығы, іске аспады, құжаттар арасындағы диплом ғана студенттік кездерді еске салады.

«Өмірімдегі шынайы еңбек пен сүйіспеншілік – жылқы төлі, – дейді Жантен Ерден, – екінші білімім бойынша мен мал дәрігерімін. Бұл салада жақсы тәжірибем бар. Өткен жылы мен алға ұмтылып, өз кәсібімді ашуға бел будым».

Бизнес-идеяны жүзеге асыруға көмек алу үшін кәсіп бастаушы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Павлодар облысы, Аққулы ауданындағы филиалына жүгінді.

Мұнда ол кәсіпкерлік негіздеріне оқуға түсіп, бизнес-жоспар құруға, несие алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек алды.

 «Бизнес-мектепте» онлайн-оқу аяқталған соң Жантен Ерден «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Агро несие корпорациясы арқылы жеңілдікпен несие алды. Несие сомасы 2 млн теңге. Осы қаражатқа 5 жылқы алынды. Жеке қожалықта тағы 3 сауын бие болған», – деп атап өтті ӨКП Аққулы ауданы бойынша филиал директоры Дастан Бейсенбаев. 

Кәсіпті бастаушы қымыз өндірісін қолға алды. Бұл кәсіпті ары қарай дамыту көзделген. Шаруа бос тұрған үй жайды таңдап, онда қымыз цехын ашуды жоспарлап отыр.

 «Әр төлге жеке күтім керек. Малдың жасына байланысты ерекшеліктер бар. Мал өсіруде тәжірибем бар, сондықтан осы бағытта кәсіп бастау қиынға соқпады. Қымыз ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие. Цех ашу ойымда, сол уақытта 10 бас биеден артық ұстауға болады», – деді Жантен Ерден.

Павлодар облысы ӨКП директоры Олег Крук кәсіпкерлер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландыру алып, АӨК саласында қайта өңдеу және өндіріс, сондай-ақ өңдеу жобаларын іске асыра алатынын еске салды.

«Несиелеу мерзімі 10 жыл, бизнеске арналған мөлшерлеме субсидиялауды есептеумен жылдық 6 пайызды құрайды. Қаржыландыру мерзімі 1 жылдан артық емес.  Анықтама ақпарат: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16. тел: 8/7182/ 65-44-12 ( ішкі 5523)», – деп атап өтті Олег Крук.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер