astana-view

«Сары аймақ»: Ақмола облысында кинотеатрлар ашылады

2021 жылғы 25 Ақпан
- Ақмола облысы
41776 просмотров

Ақмола облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мұсинамен кездесу өтті.

 Айта кетелік, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өзінің парақшасында Ұлттық палатаның ұсыныстарын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссияның шешімін хабарлады: 1 наурыздан бастап «сары аймақ» үшін базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлердің жексенбі күндері жұмысына шектеулер алынып тасталуы тиіс. «Ashyq» қосымшасы шеңберінде боулинг, компьютер клубтары, фитнес-орталықтар, бассейндердің жұмысына рұқсат етілген.

 Ақмола облысы бас санитарлық дәрігердің 24.02.2020 жылғы №9 қаулысына сәйкес кинотеатрларға 20 пайыз толымдықпен жұмыс істеуге рұқсат берілді.

 Қоғамдық тамақтану орындарына сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін 50 пайыз толымдықпен, бірақ 50 орыннан артық емес көлемде жұмыс істеуге рұқсат берілді. Салтанат, отбасылық, еске алу шараларға әлі де тыйым сақталады. Балалар мен ересектерге арналған жыл он екі ай жұмыс істейтін сауықтыру шипажайлары, демалыс үйлері, өнеркәсіптік кәсіпорындар жанындағы қоғамдық орындары, асханаларға осындай режимде жұмыс істеуге рұқсат берілген.

 Жол бойындағы сервистер 00:00-ден 06:00-ге дейін режимде тапсырысты сыртқа алып кетуге жұмыс істей алады.

 Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар жанындағы фудкорттар қызметіне рұқсат берілді.

 Соныен қатар 1 наурыздан бастап жұмыс істей алатын нысандар:

-гүл сату, фотосалондар;

-сұлулық салондары, шаштараз, маникюр және педикюр, косметологиялық қызмет көрсету (алдын ала жазылу);

 -фитнес-залдар, тренажер залдары және спорт-сауықтыру орталықтары (алдын ала жазылу, толымдылық 50 пайыз);

 -қоғамдық монша (толымдылық 50 пайыз және бір адамға 4 ш.м. кем емес кеңістік);

- сауна, СПА-орталықтар (толымдылық 50 пайыз және бір адамға 4 ш.м. кем емес кеңістік, жексенбі – демалыс);

 - спорт кешендері, топтық жаттығулар 5 адамнан артық емес;

- ашық алаңда жеке және топтық жаттығулар (топта 5 адамнан артық емес);

-медицина орталықтары, стоматологиялық емханалар (алдын ала жазылу);

-туризм объектілері (қонақүйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.);

-үздіксіз циклді өнеркәсіптік кәсіпорындар;

-халыққа тікелей қарым-қатынассыз қызмет көрсету;

-бассейндер 1 адамға су айдынының 5 ш.м. кеңістігі, жексенбі – демалыс;

 -азық-түліктік емес дүкендер толымдылық 30 пайыздан артық емес, 1 адамға 4 ш. м. кеңістік;

 -жабық нысандағы азық-түліктік емес және азық-түлік базарлары (толымдылық 30 пайыздан артық емес, 1 келушіге 4 ш.м. кеңістік), жексенбі демалыс.

 Сонымен қатар, сауда-ойын-сауық орталықтары сауда үйлері, сауда орталықтарының қызметі әлі де шектеулі. Олар жексенбіде жұмысты тоқтата отырып, 30%-дан аспайтын толымдылықпен жұмыс істейтін болады (оларда орналасқан азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, 30%-дан аспайтын толымдылық, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер