astana-view

Іскер әйелдер кеңесі мүшелері кездесті

2021 жылғы 26 Ақпан
- Маңғыстау облысы
6441 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Алдымен "АТАМЕКЕН" ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Л.К. Рамазанова атынан Маңғыстау облысындағы әйелдер көшбасшылығын ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін Роза Махамбетоваға Алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, "АТАМЕКЕН" ӨКП атынан "Халық" партиясының еріктісі Гүлзада Берғалиева марапатталды. Ол іскер қыз-келіншектермен бірге жалғыз басты қарт адамдарға азық-түлік тасуға белсенді ат салысты.

Отырыс Іскер әйелдер кеңесінің барлық мүшелерінің белсенді қатысуымен өтті.

"Біз облыстағы кооперацияны дамыту мәселелерін талқыладық, түрлі пікірлерді тыңдадық. Біз Мынадай қорытындыға келдік: алдымен ауыл тұрғындары үшін онлайн және офлайн тренингтерімізді өткіземіз, содан кейін келесі кезеңге өтеміз. Психологиялық сипаттағы көптеген проблемалар бар. Оларды жоймағанша, ілгері қозғалу оңай емес. Мен тапқан Қырғызстанның жапондық JICA агенттігімен тәжірибесі туралы роликті көрдім, онда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді! Көршілердің тәжірибесін зерттейтін боламыз! Екінші маңызды мәселені біз "Ақтау теңіз порты" АЭА-мен ынтымақтастығымызға арнадық, осы аумақтар шеңберінде біздің өңіріміздің кәсіпкерлері үшін қажетті салаларды дамытуға мүмкіндіктер бар. Мүмкіндіктер жеткілікті, біз оларды пайдалануға тиіспіз. Бірақ процедуралық мәселелер бар, оларды шешу ҚР Үкіметі деңгейінде шешіледі",- дейді ІӘК төрайымы Сәуле Салихова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер