astana-view

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА БЕТ БҰРМАҚ

2021 жылғы 02 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4600 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев пен МО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Жасталап Басаров ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Бүгінгі жасалған меморандум тығыз ынтымақтастық негізінде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің бизнесін жақсартпақ. Олар "Атамекен"кәсіпкерлер палатасы жанындағы Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алып, оқудан өтіп, тіпті қаржылық қолдау ала алады. ГМ-172/6 жабық мекемесінде 688 адам жазасын өтеп жатыр, оның 190-ы жұмысқа орналастырылды:

- "Еңбек-Батыс" РМК филиалының кәсіпорындарында-24

- мекеменің шаруашылық қызмет көрсетуші персоналы-70

- шағын және орта бизнес кәсіпорындарында-96 жазасын өтеуші еңбекке араласты.

Жұмыс көзінің жоқтығынан 400 жазасын өтеуші жұмыссыз.

Қазіргі уақытта ГМ-172/6 мекемесінің өнеркәсіптік аумағында 5 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Металл конструкцияларын өндіру қызметінің негізгі бағыттары, тігін өндірісі және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі бар.Бұдан басқа, мекеменің өнеркәсіптік аумағында "Еңбек-Батыс"РМК өндірістік филиалы бар.

Кез-келген кәсіпкер қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтарға тап болады. Әсіресе ісін жаңадан бастаған бизнес өкілі сенімсіздікті сезінеді, Ал ГМ-172/6 мекемесінің аумағында кәсіп ашса, мүмкіндіктердің кең ауқымын сезеді. Шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне өз бизнесін сақтап қалуға және мекемедегі өндірісті жаппауға қандай да бір көмек болар еді.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін ГМ-172/6 мекемесі істі болғандарды еңбекпен қамтып қана қоймай, ауданы 5800 ш.м. жылжымалы цехтар мен ангарлар салу арқылы өндірісті дамыту үшін уақытша пайдалануға беруге мүмкіндік жасайды.ГМ-172/8 мекемесі бойынша қоныс – колониясында 110 адам жазасын өтеуде. Бірлескен жұмыс кезінде сотталғандарды шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің объектілеріне бригадалық құраммен жұмысқа орналастыруға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер