astana-view

ТИІМДІ СЕМИНАР ӨТТІ

2021 жылғы 01 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4866 просмотров

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында «Жеке қаржылық сауаттылық» атты тегін семинар өтті. Қашықтан қатысқысы келетіндер үшін онлайн-байланыс ұйымдастырылды.⠀

Семинарда сауатты инвестициялар үшін портфельдердің мысалдары, қаржы тұрғысынан өмірді түсіну және көру, сондай-ақ отбасының жеке қаржылық жоспары және қаржылық мүмкіндіктерді жеке дамыту құралдары қарастырылды.

Спикер -  PhD, CEO, associate professor, бизнес-жаттықтырушы, тәлімгер Әсел Нұрғожина. Әселдің корпоративті салада ТОП көшбасшысы ретінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Бүгінде ол тәуелсіз халықаралық және жеке қаржы кеңесші.⠀Оның жеке қаржы нарығында 6 жылдан астам тәжірибесі бар, сонымен қатар ол бизнес иесі. Еуропадағы және АҚШ-тағы сенімді және кепілдендірілген құралдардағы капиталды құру және қалыптастыру үшін пассивті инвестициялық портфельдермен айналысады. Black Rock, MS, GAM және т.б. басқарушы компаниялармен тікелей серіктестік қатынастары бар.

Негізгі мақсат - әрбір екінші адамның жеке капиталы болу үшін, әсіресе өзіне және отбасына қамқорлық жасау үшін, біздің Отанымыздың тұрғындарының көпшілігінің қаржылық сауаттылығын дамытуға көмектесу, жақсы әрі қаржылық тұрақты өмір сүруге ұмтылу.

Семинарға қатысушылар өздеріне пайдалы ақпарат алып, тиімді тәжірибе жинағанын тілге тиек етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер