astana-view

PUM сараптау ұйымы қазақстандық кәсіпкерлердің өз бизнесін жақсартуына көмектеседі

2014 жылғы 25 Сәуір
7146 просмотров

Нарықтық экономикасы қалыптасушы елдердегі кәсіпкерлерге сарапшылардың консультациялық қызметтерін берумен айналысатын PUM ұйымы қазақстандық бизнесмендерге өз қызметтерін пайдалануды ұсынады.

PUM Netherlands Senior Experts – бұл нарықтық экономикасы қалыптасушы елдердегі кәсіпкерлерге консультациялық қызметтер көрсету үшін тәжірибелі менеджерлер мен сарапшыларды жолдайтын ұйым. 

1978 жылдан бері PUM халықаралық даму аумағындағы жетекші еуропалық бағдарламалардың бірі болып табылады және шетелдік ұйымдар мен голландтық компаниялар арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. PUM Нидерландының Жұмыс берушілер қауымдастығының (VNO/NCW) үлестес ұйымы болып табылады және Нидерланды үкіметінен қаржыландырылады.

PUM өз қызметін бухгалтерлік есеп және автоматтандыру, құрылыс және инженерлік жұмыстар, банк ісі және сақтандыру, электртехникалық өнеркәсіп, тоқыма және тігін өнеркәсібі, полиграфия және баспа ісі, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және т.б. сияқты секторлардағы шағын және орта кәсіпорындарға жұмылдырады.

Өзінің құрылған сәтінен бері PUM Еуропадағы ірі кәсіпқой-еріктілерді іріктеуді жүзеге асыратын және өзінің «кәсіпкерлер кәсіпкерлер үшін» ұранына сәйкес әрекет ететін, «уақытша жұмыскерлер беру жөніндегі агенттік» болып өсіп кетті. Осының арқасында PUM дамушы елдердегі және туындаушы нарықтардағы жеке сектордың дамуында маңызды роль ойнайды.

PUM мәліметтер базасында шамамен үш мың тәжірибелі сарапшы бар, олар жыл сайын шамамен екі мың жобаны жүзеге асырады. PUM барлық сарапшылары – бұл өте тәжірибелі сарапшылар, олардың жасы — 55 жастан басталады. Бұл теоретиктер емес, практиктер. Олар тәуелсіз және ешқандай қаржылай сыйлықты алмайды.

Сарапшылардың мақсаты – кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізу деңгейін өзінікіне дейін көтеруге көмектесу. Сарапшылардың мәліметтер базасында менеджерлер де (басқарушылар), техниктер, инженерлер, сату жөніндегі мамандар да, басқалары да табылады.

PUM Қазақстанда жұмыс жасап жатқанына 20 жылдан асып кетті, соның ішінде елде шамамен 250 миссия және еуропалық компаниялармен іскерлік байланыстарды жөнге салу мақсатындағы Business link бағдарламасының аясында қазақстандық кәсіпкерлердің 50-ден астам сапары жүзеге асты.

PUM Бағдарламасына қатысу үшін срапшыны шақыртуға өтінімді толтыру қажет, онда компания туралы талап етілетін ақпаратты, оның қажеттіліктері мен голландтық сарапшының келуі үшін қолайлы мезімдерді ұсынасыз.

Өтінімнің форматын өңірлік өкілден алуға болады (қосымшаны қараңыз), сонымен бірге өкіл компанияның өтінімде сарапшыға қойылатын талаптарды толық көрсетуіне көмектеседі. Бұдан кейін өтінім Нидерландыға жөнелтіледі, онда 2-3 апта ішінде сарапшыны іздестіру жүзеге асырылады да, оның түйіндемесі кейін компанияға жіберіледі.

Сарапшы кандидатурасын мақұлдағанға дейін компания оның құзыреті мен мүмкіндіктерін айқындау үшін, белсенді түрде қатынас орната алады. Әдетте өтінім жіберген сәттен бастап сарапшы келгенге дейін 1,5-2 ай өтеді. Миссияның ұзақтығы 7 күннен 2 айға дейінгі мерзімді құрайды.

Сарапшының келуі бойынша барлық шығындар шақырушы тарапқа түседі. Оған кіретіндер:

Халықаралық бөлік, соның ішінде ұшып келу, виза алу, сақтандыру, әкімшілік шығындар, - жалпы сомасы бір миссия үшін 4800 Еуро;§

Жергілікті шығындар, соның ішінде орналасу, тамақтану, аудармашының қызметтері (қажет болған жағдайда), жергілікті көлік. Шығындардың көлемі орналасу типі, аудармашының болуына тәуелді болады және өңірден өңірге қарай өзгеріп отырады.§

PUM туралы бұдан да толық ақпаратты ұйымның ресми сайтынан алуға болады - https://www.pum.nl, немесе Қазақстандағы PUM Бағдарламасының ресми Өкілі – Наталья Трегубовамен байланысыңыз.  

Teл: +7 777 276 84 04

Эл. пошта: nat_t81@mail.ru

Интернет: natalya.tregubova@pum.nl


Еншілес ұйымдар

Серіктестер