astana-view

Іскер әйелдер кеңесі мүшелері арнайы экономикалық аймаққа барды

2021 жылғы 11 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6909 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысының іскер әйелдер кеңесі "Ақтау теңіз порты" АЭА " барды.

Кездесу арнайы экономикалық аймақта орналасқан үш өндірісті аралаудан басталды. Алғашқы екі нысан мұнай өнеркәсібіне арналған құбырлар өндірумен байланысты болды, үшінші нысан-"AzerSun" логистикалық орталығы. АЭА-ның инвесторлар үшін ұсынатын шарттары көңілге қонымды. "AzerSun" тарифтері қолжетімді. Бұл туралы білетіндер аз. Тауарларды заманауи қоймаларда сақтау, тоңазытқыш және басқа да техникалық мүмкіндіктермен қамтып келелді.

"Біздің кәсіпкерлеріміз соншама пайдалы ақпаратты өздерінен тікелей алды. Бизнес субъектілерінің жұмыс жағдайларын өз көздерімен көрді, көптеген сұрақтар қойды және толық жауаптар алды. Маңғыстауда тоқыма кластерін дамытуға байланысты біздің ұсынысымыз АЭА-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына қосылмақ. Бұл дұрыс бағыт. Мен облыс әкімі С. Трумовпен кездесуімде дәл осы мәселені қозғаған едім. Біздің өңірде шағын тігін өндірістерінің даму қарқыны жоғары үрдіске ие, 2-3 жылдан кейін тоқыма кластерін құру туралы айтатын боламыз",- дейді ІӘК төрайымы Сәуле Салихова.

Іскер әйелдер қеңесінің бұл болжамын "Ақтау теңіз порты АЭА"АҚ басшылығы да қуаттады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер