astana-view

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР ОЙЫН АЛАҢДАРЫН ЖАСАЙДЫ

2021 жылғы 12 Наурыз
- Маңғыстау облысы
7729 просмотров

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының тұрғыны Темірхан Канашов темір бұйымдарын жасап, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды дайындайды. Енді осы машығын жетілдіріп кәсіпке айналдырып отыр. Темір бұйымдарын өңдеп, кескінін қию үшін қажетті жабдықтарын да сатып алған. Соның арқасында көлемді тапсырыстар алып, кейбір құрылыс мекемелерінің де қажеттілігін өтеуде. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  
Темірден түйін түйетін шебер  зейнетақысына қарап отырмай, бос уақытында кәсіп қылып нәпақасын тауып отыр. 

«Қазіргі уақыттта ауданның 2 тұрғынын жұмыспен қамтып отырмын. Бастапқыда балалар ойын алаңдарын немерелеріме жасап бердім. Содан соң қызығушылығым оянып, былтырдан бастап жалпы кәсібіме айналдырдым.
Облыс көлеміндегі бала-бақшалардың ойын алаңдарына әткеншек, сырғанақ секілді бірнеше дүниеге тапсырыс алып отырмын. Қолымнан шыққан бұйымдарды алдағы уақытта ары қарай дамытсам деген ойдамын»,- деді жеке кәсіпкер Темірхан Канашов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер