astana-view

СҚО құрылыс компаниялары мамандар іздейді

2021 жылғы 12 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
10217 просмотров

Петропавлда құрылыс мамандықтары түлектеріне Бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті Жәрмеңкеге дейін СҚО Кәсіпкерлер палатасы және СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы құрылыс индустриясының мамандарына, сондай-ақ ондағы жұмыс істегісі келетіндерге жұмыссыздар арасынан қажеттілікті анықтау мақсатында студенттер арасында сауалнама жүргізді

 Жәрмеңкені Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі және СҚО әкімдігінің Білім беру басқармасы ұйымдастырды.

 26 ақпан және 5 наурыз аралығында Кәсіпкерлер палатасы және СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыссыз азаматтар арасында «Олар құрылыс аласында жұмыс істеуге дайын ба» тақырыбында сауалнама жүргізген.

 «Сауалнамаға барлығы 1798 адам қатысты, соның ішінде 346 адам құрылыс саласында жұмыс істеуге әзір екенін айтты. Бұл сауалнама кездейсоқ ұйымдастырылған жоқ. Осыған дейін біз құрылыс компанияларындағы жұмыс күшіне қажеттілікті анықтадық, қажеттілік 245 адамды құрады. Осы деректерді облыстың білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы, құрылыс компаниялары және колледждермен бөлістік», – деді СҚО ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ирина Торопова.

Мамандарға қажеттілік сауалнамасына 20 құрылыс компания қатысты, олар түрлі бейінде 245 маманға қажеттілік барын хабарлаған. Негізінен ағаш ұстасы, сылаушы, тас қашаушы, бояушы, әрлеуші, қыш тақтасын орнатушы, дәнекерлеуші, краншы, матаушы, бетоншы, қаптаушы мамандары қажет.

 Жәрмеңкеге өңірдегі 18 құрылыс компаниясы қатысты. Осы компаниялардың жетекшілері 80-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге Петропавл қаласындағы колледждердің құрылыс мамандықтары бойынша 200  түлек және жұмыссыз азаматтар қатысты.

 Жас мамандарды тарту үшін құрылыс ұйымдарының өкілдері өздерінің нысандары, еңбек жағдайлары мен еңбекаққысы туралы презентация дайындады. Жергілікті кадр бөлімінің қызметкерлері барлық қызығушылық танытқан түлектер және жұмыссыздармен сұхбат жүргізді.

 Өз жұмысының 5 жылында тек Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі ғана құрылыс индустриясында 1000-ға жуық маман даярлап шығарғанын атап өткен жөн. Мұндағы болашақ құрылысшыларды оқыту дуальды оқыту жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Үшжақты келісімшарттарға қол қойылды: колледж – құрылыс ұйымы – студент. Дуальді оқыту теориялық курсты шоғырландыруға, өндірістік практика кезінде кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер