astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Тау-кен и металлургия өнеркәсіп комитетінің үшінші отырысы өтті

2014 жылғы 29 Сәуір
9750 просмотров

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президумы Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің 3-ші отырысы өтті. 

Отырысты Комитет Төрағасы  Н. Радостовец жүргізді. Отырысқа мемлекеттік органдардың (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі), тау-кен секторы компанияларының, бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылды:

1. Қосылған құн салығын қайтару жүйесінің тиімділігін арттыру;

2. «Жер қойнауы туралы» Кодекс Тұжырымдамасының жобасы

3. Салалық оқыту қорын құру

4. Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары үшін магистралдық теміржол желілері қызметтеріне арналған төмендету коэффициенттерін ұсыну тәртібі

5. ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

6. Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген қымбат бағалы металдар, олардың сынықтары мен қалдықтарын және құрамында қымбат бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу жөніндегі мәселені талқылау

Н. Радостовец өз сөзінде ҚҚС-тың артығын қайтарудың басты проблемаларының бірі тауар-материалдық құндылықтарды тауар өндірушіге дейін жеткізушілердің есептілікті тапсыруын және ҚҚС төлемін тексерудің мүмкін еместігі болып табылады. Бұл ұсынылған соманың шамамен 25%-ының ғана қайтарылатынына әкеледі. Проблеманы шешу үшін мыналар ұсынылады:

- салық органдарының негізделмеген ресурстық шығындарын, рәсімдердің қайталануы мен процестің созылуын болдырмай,  ҚҚС-ты қайтару тәртібін қайта қарау;

- «Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын» бюджеттен ҚҚС-ты қайтару туралы талапты қоятын кәсіпорынның тікелей жеткізушілері болып табылмайтын жеткізушілер үшін ҚҚС сомасын ұстау бөлігінде жою;

ҚР Салық кодексінде салық төлеушілерге, алымдар төлеушілер мен салық агенттіктеріне өздерінің заңсыз әрекеттері (шешімдері) немесе әрекетсіздіктері салдарынан келтірген залалдары үшін салық органдарына заңи жауапкершілік белгілеу.

Екінші мәселе бойынша Комитет Хатшылығының басшысы Е. Больгерт баяндама жасады. «Жер қойнауы туралы» Кодексті қабылдаудың мақсаты  көмірсутегі және қатты пайдалы қазбалар саласын реттеу осы саланың ерекшелігіне орай оны барынша әртараптандыруды және регламенттеу екені атап өтілді. «Жер қойнауы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін әзірлеуді және қабылдауды жер қойнауын пайдаланушылар, салалық қауымдастықтар, Дүниежүзілік банк сарапшылары, сондай-ақ Қазақстандағы жер қойнауын тікелей инвестициялар тарту үшін тартымды және перспективалық объект ретінде қарайтын ірі халықаралық өндіру компаниялары бірауыздан сөзсіз қолдап отыр.

Салалық оқыту қорын құру мәселесі бойынша ТМКҚ HR- жобалар орталығының директоры М. Сихаев бизнес қоғамдастығы арасында ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген келісімшарт міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен дайындауды қаржыландырудың балама моделі белсенді талқыланып жатқанын атап өтті. Оқыту қорын құру арқылы кадр әлеуетін дамытуға инвестиция салу туралы әңгіме болды, бұл оқыту сапасына және кадрлар біліктілігін арттыруға оң ықпал етпек.

Темір жол тасымалдары мәселелері бойынша Н. Радостовец баяндама жасады. Ол Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары пысықталып жатқаны туралы хабарлады. Мақсат - МТЖ қызметтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін ұсыну тетігін қолдану үшін барынша икемді шарттарды жасау болып табылады.

ҚР Экологиялық кодексіне түзетулер енгізу мәселесі бойынша ChevronCorporation компаниясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы құқықтық кеңесшісі Ж. Елубаев сөз алды. Қолданыстағы заңнаманы жекелеген аспектілері  кәсіпкерлер үшін жоғары әкімшілік тосқауылдар қоятыны және оның сыбайлас жемқорлық әлеуеті жоғары екені аталып өтілді. Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушылар:

 - дәлсіздіктер мен түсініксіздіктерді жоя отырып, экологиялық заңнаманың терминдерін бірізге келтіру және жетілдіру;

 - қоршаған орта ластанған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар мен бақылаушы органдардың іс-қимыл алгоритмін әзірлеу, бұл ретте қоршаған ортаны қалпына келтіруге және залалды заттай нысанда өтеуге бағытталған шараларға басымдық беру;

- әкімшілік санкцияларды бірізге келтіру және «үш жақты жауапкершілік» тәжірибесін болдырмау үшін табиғатты пайдаланушылардың жауапкершілік құрылымын оңтайландыру;

- рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдерін қысқарту, бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жұмыстың инновациялық әдістерін шұғыл енгізуге және технологияларды жаңғыртуға мүмкіндік береді;

- сотқа дейінгі рәсім ретінде табиғатты пайдаланушылар мүдделерін қолдау және экологиялық дауларды шешу мәселелері бойынша экологиялық омбудсмен институтын енгізу орынды деп санайды.

Алтыншы мәселе бойынша ТМКҚ атқарушы директорының орынбасары Т. Мұқанов нарықтық тәсілдермен әрекет жасау және ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және алтын өндіруші компаниялар тарапынан тарапынан жобаларды бірлесе қаржыландыру және басқару үшін консорциум құру қажеттілігін атап өтті. Бұл өндірістік қуаттар толық жүктелген кезде Астана қаласындағы аффинаждау зауытының ойдағыдай жұмыс істеуіне кепіл болмақ.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер