astana-view

Дуальді оқытудың "Жол картасы" талқыланды

2021 жылғы 25 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5143 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімі мен Маңғыстау облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесуде "2020-2023 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың бірлескен жол картасы" шеңберінде 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

Атап айтқанда, дуальді оқытудың "Жол картасын" талдау, өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен колледж түлектері үшін Ашық есік күнін өткізу, сондай-ақ еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке сәйкес колледждердің оқу бағдарламаларын жетілдіруде бірлескен жұмыс жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер