astana-view

«Ashyq» іске қосылады, қоғамдық тамақтанудың жазғы алаңдарына жұмыс істеуге рұқсат беріледі

2021 жылғы 29 Наурыз
- Алматы қаласы
11309 просмотров

Бұл жаңа қаулыға қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен кейін, Алматы қаласы әкімінің бизнес-қауымдастықпен кездесуі барысында қол жеткізілген нәтиже. Бақытжан Сағынтаев локдаунда бизнесті қолдау шараларын қарастыруға уәде берді

Кездесу Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышевтің үндеуінен кейін ұйымдастырылды, онда кеңес төрағасы кезекті локдаун және бизнес субъектілері қызметіне тыйым салуға қатысты позициясы мен ұсыныстарды айтты. Барышев кәсіпкерлердің есептеуі бойынша кәсіпкерліктің 50 мыңға жуық субъектісі тыйым астында қалғанын айтты, мұның салдарынан 250 мың адам жұмыссыз қалып, отбасын бағу, басқа төлемдер бойынша міндеттемедерді орындауға қаражатсыз қалған.

Қала әкімімен кездесуге Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесі, Іскерлік кеңес, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.

Бақытжан Сағынтаев вирустың мутацияланған штаммының таралуына байланысты Алматы қаласындағы эпидахуалдың ауыр екенін атап өтті. Әкімнің айтуынша, індеттің өршу қарқыны өткен жылдың жазындағы жағдайдан да күрделі. 1 қаңтардан 27 наурызға дейінгі аралықта  14 856 жағдай тіркелді, ал 2020 жылдың бүкіл кезеңінде 18 521 жағдай болған. 27 наурызда 1 тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 510 жағдайы тіркелген.

Кездесу барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мемлекет тарапынан қолдау көрсету туралы мәселе көтерді.

 «Әлеуметтік мәселе орын алды. Қазіргі кезде шамамен 50 мың кәсіпорын қызметіне тыйым салынған немесе шектеу қойылған. Бұл дегеніміз 20 мың жалға алушы, 25 мың базар, 5 мың мейрамхана мен кафе. Онда 250 мың азамат жұмыспен қамтылған. Адамдардың жеке міндеттемелері: несие, салық, коммуналдық қызметтер бойынша қарыз төлеуге мүмкіндіктері, еңбекақы төлеуге қаражаты жоқ», –  деп атап өтті Өңірлік кеңестің төрағасы.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің мүшелері тыйым мен шектеулер уақытында қызметкерлердің еңбекақысы мен жалдау құнын жабу үшін бюджеттен тікелей қаржыландыру бөлуді, сондай-ақ кәсіпорындардың мәжбүрлі жұмыс істей алмауының әр күніне бюджеттен тікелей төлем жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 Алматы қаласы әкімінің айтуынша, салық бойынша қолдау көрсетуга қатысты келіссөздар жүргізіліп жатыр, сондай-ақ осы мәселе Үкіметпен бірге қорытылып жатыр.  

 «Біз Алматы қаласы бас санитар дәрігерімен қоғамдық тамақтанудың жазғы алаңдарына қатысты мәселені талқыладық, кездесу нәтижесінде жазғы кафелер мен алаңдарға жұмыс істеуге рұқсат беру бойынша шешім қабылданды, сәйкес өзгерістер Қаулыға енгізіледі», – деді Бақытжан Сағынтаев.

 Кездесу қорытындысы бойынша, қала бюджетін азайту және басқа шығындардан шығару арқылы коммуналдық төлемдер, қарызды жабу тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерін қолдауда бірқатар шараларды бірлесіп әзірлеу туралы шешім қабылданды.

 Сонымен қатар Алматыда «Ashyq» пилоттық жоба жұмысын жаңарту бойынша шешім қабылданды.

 «Мәселенің негізгі шешімі – вакциналау. Сәуірде біз ең кемі 100 мың егу дозасын жеткізуіміз керек. Қазіргі кезде инфрақұрылым анағұрлым кең форматта дайындалып жатыр, сауда және ойын-сауық орталықтардың иелері бастама көтеріп, вакциналауды жүргізуге өз алаңдарын беруге дайын», – деді қала әкімі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер