astana-view

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері сауда процедураларын жеңілдету бойынша ІІІ халықаралық конференцияға қатысты

2014 жылғы 30 Сәуір
8623 просмотров

Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиямен (БҰҰ ЕЭК) бірлесіп ұйымдастырған «Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық комиссияға мүше мемлекеттердегі «Бір терезе» дамуының ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері» тақырыбында сауда және «Бір терезе» процедураларын жеңілдету бойынша III халықаралық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты ұйымдастырушылық іс-шараларды өткізу және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – КО және БЭК) мүше мемлекеттердегі «бір терезені» енгізу және дамыту үшін мемлекетаралық және ұлттық деңгейлерде құқықтық негіз құру мәселелерін қарастыру болып табылады.

Конференцияға КО және БЭК мүше мемлекеттердің басшылары мен өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің және оның қызметкерлерінің, шетелдік сарапшылардың өкілдері, бизнес-қоғамдастықтар мен ғылыми шеңберлер өкілдері қатысты.

Конференция барысында келесі мәселелер қарастырылды:

«бір терезені» сауда процедураларын жеңілдетудің тиімді аспабы ретінде біркелкі түсінудің қалыптасуымен байланысты проблемалар;

бақылаушы органдар мен бизнес-қоғамдастықтың жұмыс тәжірибесіне «бір терезені» енгізу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу тәжірибесі және халықаралық нұсқаулықтар;

КО және БЭК мүше мемлекеттерде «бір терезені» қолдануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекетаралық және ұлттық деңгейлерде құқықтық базаны дамытудың өзекті бағыттары.

Конференция аясында халықаралық сарапшылар жиналғандарды Колумбия Республикасындағы, Кореядағы, Еуроодақтағы, КХР, Қырғыз Республикасындағы «бір терезені» енгізудің халықаралық тәжірибесімен таныстырды.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің өкілдері үш елдің бизнес-қоғамдастығын «бір терезе» енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ «бір терезе» жергілікті жобаларын құру және дамытуды ұйымдастырумен байланысты проблемалық мәселелер туралы ақпараттандырды.

Конференцияда «Бір терезені» жүзеге асырудағы, оның ұйымдастыру және құқықтық негізін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ролі мен маңызы» тақырыбындағы баяндамамен ҚР ҰКП өкілі Мамбеталин А.Е. сөйледі.

Өз сөзінде ол Қазақстанда бастапқы кезең жүзеге асырылғандығын және БҰҰ ЕЭК Нұсқаулықтарына жауап беретін, толыққанды «бір терезе» механизмінің енгізілуі үшін барлық ұйымдастыру, құқықтық және техникалық жағдайлар жасалғандығын баса айтты.

Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша үлкен жұмыс жасалуда, нәтижесінде көптеген рұқсат ету құжаттарын беру үйден шықпастан, электронды форматта жүргізіліп те жатыр. Мемлекеттік қызметтер стандарттарын тексеру және дайындау бойынша жұмысқа Ұлттық палата сарапшылары белсене ат салысуда.

Конференцияға қатысушылар сауда процедураларын жеңілдету, үйлестіру және автоматтандыру барлық халықаралық саудаға қатысушылар  үшін нақты басымдылық беретінін мойындады, сонымен қатар сыртқы сауда операцияларын жасауға тікелей және жанама шығындарды қысқарту заңнаманы сақтау деңгейін көтереді.

Талқылау қорытындылары бойынша конференцияға қатысушылар сауда және «бір терезе» процедураларын жеңілдету бойынша нұсқаулар жасап шығарды.

Конференция материалдарымен мына жерде танысуға болады. 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер