astana-view

АҚТАУЛЫҚ ФЕРМЕР ЕШКІ СҮТІНЕН ТҮРЛІ ӨНІМ ШЫҒАРАДЫ

2021 жылғы 29 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5466 просмотров

Ақтаулық фермер Руслан Жинкиннің қорасында 40-тан астам ешкісі бар. Сүтінінен өнім дайындап, өңір жұртшылығына жеткізіп отыр. Алдағы уақытта басқа аймақтарға сатылымға шығаруды жоспарлайды. 

Өмірзақ ауылының тұрғыны Руслан Жинкиннің кәсібі ауылдастарына етене таныс. Себебі, емдік қасиеті мол өнімге сұраныс көп екен. Ағзаға сіңімді, иммунитетті нығайтып қана қоймай асқазан ауруларына да пайдасы мол. Шаруа сүтті залалсыздандырғаннан кейін пластик құтыларға құяды. Сыртына шаруа қожалығының мәліметтері көрсетілген қағаз жапсырады. Дайын өнімді облыс орталығындағы базар мен дүкендерге жеткізеді.

“Менің басты мақсатым-мал шаруашылығымды дамыту. Қазір сүттен бөлек, сүзбе ірімшік, йогурт секілді өнім түрін шығарамыз”,-дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша, жаз айларында әрқайсысы 2,5-3 литр сүт береді. Фермер бұдан бөлек, 450-ден астам қой бағып отыр. Саңырауқұлақ өсіріп, өнімін дайындайды. Сондай-ақ, тандыр нан пісіріп, тәулігіне облыс орталығындағы дүкендерге жеткізеді. 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алға қойған жоспары көп. Балық шаруашылығын да қолға алып, шаян өсіру жоспарында бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер