astana-view

Ауыл халқына грант беріледі

2021 жылғы 30 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6335 просмотров

Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде "Еңбек" бағдарламасы бойынша гранттар бөлу бойынша комиссияның отырысы өтті. Комиссия алдында жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар өз жобаларын қорғады. Оған 21 ауыл тұрғыны қатысты.

"Мен балалар киімін тігуді жоспарлап отырмын. Қазір қолдан тігілген сәнді, қайталанбас киімдер сұранысқа ие. Түрік немесе қытай киімдерінен гөрі табиғи матадан тігілген киімдер балаларға қауіпсіз. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы балалар киім үлгісін де тігіп шығару ойда бар. Мен грант ұтып, оған тігінге қажетті техникаларды алғым келеді. Кәсібімді бастап, жұмыссыздарға қосымша жұмыс көзін ашсам деген мақсатым бар",- дейді қатысушы.

200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз қаражатты алу үшін қатысушылар түрлі жобаларын ұсынды. Олардың ішінде мал шаруашылығы, тігін кәсібі, сұлулық салоны, кондитерлік өнімдер пісіру сынды жобалар бар. Комиссия шешімімен грант ұтқан азаматтар тізімі шығарылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер