astana-view

Ойын бизнесін ұйымдастыру – заңға қайшы!

2021 жылғы 30 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
6377 просмотров

Ойын бизнесі туралы заңнаманы бұзу үшін жауапкершілік мәселелері экономикалық тергеу басқармасы мен облыстық прокуратура өкілдерінің қатысуымен БҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында талқыланды

Белгілі болғандай, ойын бизнесі еліміздің екі өңірінде ғана дами алады. Облыс кәсіпкерлері, ірі сауда орталықтары мен демалыс нысандарының иелеріне нысандарды жалға алу келісімшарттарын қалай дұрыс толтыруға болатыны онлайн режимінде түсіндірілді.

 Ойын бизнесі туралы заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметтің осы түрін ұйымдастыру тұрғысынан енгізілген өзгерістерге сәйкес барлық талаптарды орындау қажет. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мағрипа Нигишева атап өткендей, кәсіпкерлік субъектілері – үйді жалға алушыларға ортақ жауапкершілік жүктеуге ерекше назар аудару қажет.

Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері салық заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігін атап өтсе,  прокуратура өкілдері мемлекеттік органдарға заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.

 Кездесу қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне бизнес қызметін ұйымдастыру және аталған салада кәсіпкерлік қызметті ізге асыруға жауапкершілік туралы жаднама таратылады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер