astana-view

ҚР ІІМ «Емханасы бар орталық госпиталь» ММ-ді «Әскери-медициналық госпитальға» қайта құру туралы

2021 жылғы 04 Сәуір
10938 просмотров

Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Емханасы бар орталық госпиталь» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Әскери-медициналық госпитальға» қайта құру туралы сұратым жарияланды.

Кәсіпорын құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Кәсіпорыннң орналасу орны – 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай даңғылы, 66-үй.

 Қызмет ету ауқымы: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы.

Жарғы жобасының 14-тармағына сәйкес кәсіпорын келесі қызметтерді іске асыруды жоспарлайды:

  1. контингентке амбулаториялық-емханалық, стационарлық,  стационарлы орналастыру және жедел медициналық жәрдем көрсету;
  2. емханаға жүгінген пациенаттерді толық көлемде тексеру жүргізу, сонымен қатар стационарлы және стационарлық орналастыру көмегімен мұқтаж жандарға ауру бейініне қарай тиісті тексеріс жүргізумен қатар дер кезінде ауруханаға жатқызу;
  3. амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарлық орналастыруды жоспарлау;
  4.  профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру және өткізу;
  5.  диспансерлік бақылауда тұрған науқастар тобымен жұмыс;
  6. профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, амбулаториялық, стационарлық және стационарлық көмек көрсету бойынша әдістемелік көмек көрсету бойынша емханалары бар аумақтық госпитальдар және дербес емханаларға (бұдан әрі –  ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары) әдістемелік көмек көрсету;
  7. ішкі істер органдары медициналық ұйымдарына тіркелген адамдарға стационарлық көмек көрсету, сондай-ақ осы санаттағы адамдарды диагностикалау және емдеу бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
  8. медициналық  қызметтерді көрсету сапасын ішкі бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ тіркелген контингентке медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
  9.  профилактикалық, диагностика және емдеудің жетілдірілген нысандары мен әдістерін енгізу;
  10. барлық қол жетімді әдістерді қолдана отырып дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін арттыру (мамандандыру және біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, конференциялар және т.б.);
  11. еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, дәрігерлік-консультациялық және басқа комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды және жұмыс барысын бақылау;
  12. санитарлық-гигиеналық саламаттылық пен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  13. қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес үлгiлер алу, материал және олардың инфекциялардың болуына бактериологиялық сараптама жүргiзу арқылы қоса берiлген контингентке санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi бактериологиялық зертхананың жұмысын ұйымдастыру;
  14. инфекциялық аурулар орын алған жағдайда эпидемияға қрасы іс-шаралар кешенін қабылдау;
  15. объектілерде профилактикалық іс-шаралар жүргізу, эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылау.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер