astana-view

Кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерді айыппұл төлеуден қорғады

2021 жылғы 06 Сәуір
- Шымкент қаласы
8662 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану тәжірибесінде оң шешімге қол жеткізді

 Мемлекеттік органның заңнаманы дұрыс түсінбегендіктен кәсіпкерлер сот дауына тап болған. Осыған қатысты Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасына өтінім келіп түсті.

Осы жылдың басында Шымкент қаласы бойынша көлік инспекциясының қызметкерлері «SS City» ЖШС-на тиесілі 3 автобусты тоқтатты. Автобустар қызмет көрсету келісімшарт ынегізінде «3-Энергоорталық» АҚ жұмыскерлерін тасымалдаған. Көлік жүргізушілерінде борт журналдары болмай қалған, осы себепті серіктестікке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 571-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілік тағайындалып, әкімшілік айыппұл салынды, кәсіпкер айыптаумен келісіп, айыппұл сомасын төлеген.

 Бұдан бөлек, ЖШС-ға қатысты лицензияның болмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған және сот қарауына маериалдар жіберілген. Кәсіпкерге мүлікті тәркілеумен айыппұл салынбақ болды.

«Бұл хаттамаларға мен сол кезде лицензиялау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білместіктен қол  қойдым. Кейін Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына жүгіндім, онда заңгерлер тұрақты емес жолаушылар тасымалы саласындағы лицензиялауды реттейтін заңнамалық актілерді көтерді. Мамандар маған біздің тасымалдау лицензиялауға жатпайтынын айтты. Өтйкені автобустар өала ішіндегі аудандар бойынша жүрді, ал лицензиялау қалааралық, ауданаралық, облысаралық, халықаралық бағыттарға беріледі», – деді «SS City» ЖШС директоры Данияр Тайыр.

 Осы мәселеге қатысты Шымкент қаласы ӨКП сарапшысы Әзілхан Жарымбетов пікір білдірді.

«Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңының 16-бабы 1-тармағының 13) тармағына, сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» ережеге сәйкес «3-Энергоорталық»  АҚ-тың Шымкент қаласы аумағы бойынша қызмет автобустарымен жұмыскерлерді тасымалдауға лицензия талап етілмейді», – деп атап өтті сарапшы.

Кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сотқа талап арыз берді.

 Сот қаулысымен «SS City» ЖШС-ға қатысты әкімшілік өндіріс бұзушылық болмағандықтан тоқтатылды.

 Мұндай жағдай кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке себепсіз тартуға жол бермеуге негіз болып отыр. Болашақта Көлік бақылау инспекциясы осы фактіні ескеріп, кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының бұзылуына жол бермейді деген үміт бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер