astana-view

«Атамекен» алаңында тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру ережелеріне енгізілген өзгерістер зерделенді

2021 жылғы 14 Сәуір
3574 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында отандық тауар өндірушілер, сараптамалық ұйымдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері Тауардың шығу тегі туралы сертфикатты беру ережелеріне енгізілген өзгерістерді талқылады. Ензіліген өзгерістер 19 сәуірден бастап күшіне енеді. Жиын «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Арман Мәмбетаевтың төрағалығымен өтті.

 Ережелерге енгізілген басты жаңашылдықтардың бірі – жұмыскерлер тізімінің өткен тоқсанда жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға сәйкестігін тексеруге қатысты (200.00 форма). Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуде өткен жартыжылдық (910 формасы) оңайлатылған декларацияларға сәйкестігі тексеріледі.

 Салық декларациялары өндірістік персоналдың болуын растау және тиісінше нақты өндірісті жүзеге асыру болып саналады, өйткені декларациялар салық төлемдерін еңбекақыдан ұстап қалуды растайды. Қызметкерлер бойынша мәліметтер дұрыстығын растау тауарлардың өзіндік құнын есептеуге және нәтижесінде жергілікті қамту үлесіне де әсер етеді.

 Бұл норма  отандық тауар өндірушілер тарапынан қолдау тауып, индустриялық сертфикатты беруде тиімділігін көрсетті.

 Сарапшы аудитор өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау үшін қызметкерлер тізімі мен салық декларацияларындағы мәліметтер арасындағы деректерді салыстыруға міндеттенеді.

Өзгерістер сонымен қатар сарапшы-аудитордың жұмысын электронды сертификаттау жүйесіне көшіру, сараптама актісін алу процесін автоматтандыруды және «СT KZ» нысанындағы сертификатын электронды түрде беру мүмкіндігін беруді көздейді.

 Алайда, ақпараттық жүйеге жетілдіру жұмыстары қажет болғандықтан бұл өзгерістер 2021 жылдың 1 тамызында күшіне енеді.

 Өнімдердің жаңа түрлерінің өндірісін ашуды есепке ала отырып, тауарға «отандық өнім» мәртебесін беру үшін өндірістік және технологиялық операциялар шарттарының тізбесін кеңейту және жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бірінші кезекте жұмыс дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық өнімдер, комбайндар, вагондар, тракторлар, жылу алмастырғыштар, тұқым сепкіштер, ағаш-жоңқа тақталар, құбырлар, баспа жабдықтарына арналған картридждер, шамдар, бронды кеудешелер, тыңайтқыштар, сабын және басқа да тауарлар өндірісіне қатысты болды.

 «2020 жылы Ұлттық палата және бизнес-қоғамдастықтың белсенді қатысу арқылы Тауарлардың шығу тегі туралы ережелерге өзгерістер әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Алдымызда «СТ KZ» формасындағы сертфикатты отандық тауар өндіруші болып саналмайтын кәсіпорындарына түсіпеуі үшін сертфикатты беру механизмін жетілдіру міндеті тұрды. Қабылданған өзгерістердің көмегімен қағаз жүзінде ғана отандық өндірушілер болып саналатын  кәсіпорындарға тауарлардың шығу тегі туралы сертификатын алу қиынға соғады», – деді« Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары А.Мәмбетаев.

 Өткен талқылау шеңберінде бизнес-қоғамдастықтың өкілдері сертфикатты беру тәртібіне қосымша түзетулер енгізуді ұсынды. Түзетулер жақын арада бекітілген тәртіпте қаралады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер