astana-view

ҚР ҰКП Кеден одағының «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық реттемесінің жобасын талқылауға қатысуға шақырады

2014 жылғы 30 Сәуір
8865 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына БЭК Кеңесі қабылдауға Тараптардың мемлекеттік органдары даярлаған Кеден одағының «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық реттемесі жобасының редакциясы келіп түсті.

КО техникалық реттемесінің бұл жобасы Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын барлық химиялық өнімдерге таралады, оған КО ТР жобасының 1 қосымшасында көрсетілген өнімдер ғана кірмейді.  Бұл:

1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған және (немесе) ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-құрастыру зерттемелерінің нәтижесі болып табылатын химиялық өнім.

2. Кен қабатындағы пайдалы қазбалар, сондай-ақ егер химиялық тұрғыдан өзгертілмесе, одан кейінгі өнім: минералдар, кендер, кен концентраттары, цемент клинкер, табиғи газ, сұйытылған газ, табиғи газ конденсаты, технологиялық газ және оның компоненттері, шикі және тауарлық мұнай, көмір, кокс.

3. Дайын емдік дәрі-дәрмектер және мал дәрігерлік тағайындалудағы дайын препараттар.

4. Парфюмерлік-косметикалық өнім.

5. Иондаушы сәулелену көзі болып табылатын химиялық өнім (сонымен бірге осындай өнімнің қалдықтары), ондағы сәулеленудің болуымен шартталған қатерлер туралы ақпараттандыру, жіктелу, таңбалау тұрғысынан.

6. Тағамдық азық-түлік, биологиялық белсенді қоспалар және тағам қоспалары, сондай-ақ жануарларға арналған дайын азық.

7. Кеден одағы кедендік аумағындағы айналым процесінде өзінің химиялық құрамы мен агрегаттық күйін өзгертпейтін, бұзылу және тотығу процестеріне түспейтін, адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мүлікке залалды әсерін тигізетін шаң, бу және аэрозоль түзбейтін  бұйым құрамындағы өнім.

8. Өндіріс және химиялық өнімді тұтыну қалдықтары, егер олар кәдеге жаратуға жатқызылмаса (қайта өңдеуге).

9. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы кедендік транзит процедураларының әрекетіне түсетін химиялық өнім.

Алайда КО ТР жобасында қарастырылған Кеден одағының химиялық заттектер және қоспалар тізілімі ұғымын енгізумен дайын химиялық емес өнім, бірақ құрамында химиялық заттектер мен қоспалары бар болса, химиялық заттектер мен қоспалардың жоғарыдағы Тізіліміне енгізу процедурасына түсіп қалады.

Жаңа химиялық заттектер үшін Тізілімге енгізу процедурасы нотификация көмегімен жүзеге асырылады, ол өкілетті органға өндіруші/импорттаушы ұсынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі, ол  17 бөлімнен тұрады, оның ішінде:

- КО ТР 3 қосымшасына сәйкес химиялық қауіпсіздік туралы есеп;

- химиялық заттек немесе қоспаның улылығы бойынша мәліметтер;

- химиялық заттек немесе қоспаның экоулылығы бойынша мәліметтер;

- биоаккумуляциясын, канцерогенділігін, мутагенділігін, улылығын анықтау бойынша химиялық заттекті немесе қоспаны зерттеу (сынау) мәліметтерінің (хаттамаларының) көшірмелері.

Химиялық өнімнің/қоспаның/заттектің әлеуетті қаупіне қарай рұқсат ету және есепке алу тіркеуі процедураларының көмегімен.

Тараптардың өкілетті органдары (қазақстандық тарап жағдайында – ҚР ИЖТМ) жүргізетін осы процедуралармен бірге, сондай-ақ жобада химиялық өнімді/қоспаны/заттекті сәйкестендіру, жіктеу процедуралары, қауіпсіздік паспортын жасау қарастырылған, оны өнімді өндіруші/импорттаушы тікелей өзі жүргізеді.

Жалпы жоба редакциясын келістірудің бұл кезеңінде «қоспалар» біздің ойымызша КО ТР реттеу нысаны болмауға тиіс.

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, осыған ұқсас тізілімдерде және халықаралық жүйелерде тіркеуге тек химиялық заттектер ғана жататынын белгілейміз, мысалы, REACH, ЭСДҰ жүйесінің елдері (Оңтүстік Корея, Канада).

Реттеме ережелері химия саласын ғана емес, оған серіктес металлургия, фармацевтика және парфюмерия-косметика, мұнай химиясы және т.б. сияқты салаларды да қозғайтындығын ескере отырып, ҚР ҰКП жобаны қарастыруға барлық мүдделі тараптарды қатысуға шақырамыз және КО ТР жобасы бойынша өз  ұстанымдарыңызды үстіміздегі жылдың 11 мамырына дейін келесі электронды мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз – l.aytbayeva@palata.kz.

Сонымен қатар ҚР ҰКП алаңында үстіміздегі жылдың 11 мамырында жобаны жеке кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау бойынша жиналыс өтетіндігін хабарлаймыз.

Осы жиналысқа қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды үстіміздегі жылдың 5 мамырына дейін келесі электонды мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз t.moldakhmetov@palata.kz  және  l.aytbayeva@palata.kz.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер