astana-view

ҚР ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселесі бойынша баспасөз-конференциясы өтті

2014 жылғы 29 Сәуір
7764 просмотров

Бизнестің құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі басымдылықтарының бірі болып табылады. Бұл мәселе ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің басшысы Ғани Қасымовтың қатысуымен өткен баспасөз-конференциясының тақырыбына айналды.

Іс-шарада Ғани Қасымов Кеңес қызметі туралы әңгімелеп беріп, кейін 6-отырыста қарастырылған мәселелерді жеткізді. Оның айтуынша, бизнесті жан-жақты қорғау ҚР ҰКП және Кеңес қызметі басымдылықтарының бірі болып табылады.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі осыған ұқсас кеңестер құрылған және ұзын саны 10 отырыс өткізіліп те қойды, оларда кәсіпкерлердің 20-дан астам проблемалық мәселесі қарастырылған.

Бизнестің мүддесін қорғау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Бас прокуратурасымен және Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікпен Ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, сондай-ақ бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды. Прокуратура және қаржы полициясының осындай органдарымен републиканың барлық өңірлерінде жұмыс топтары құрылып, бірлескен жұмыс жасалуда.

«Енді әрбір кәсіпкер шыққан өңіріне қарамастан, бейне конференция көмегімен құқықтық сипаттағы мәселесімен Бас прокуратураның және Қаржы полициясының бірінші басшыларына жүгіне алады»,- деп атап кетті Ғани Қасымов.

Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес прокуратура органдарымен екі бейнеконференция өткізілді және Өңірлік кәсіпкерлер палаталары бейнеконференциялар қорытындылары бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті қарауында жатқан кәсіпкерлер өтініштері бойынша Бас прокуратураға 32 өтініш, Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігіне 6 өтініш жолданған.

Осылайша, Ұлттық палата жүйелі негізде бизнесті қорғау функциясын жүзеге асыру үшін барлық қажет аспаптарды жасақтады.

«Қазіргі уақытта Ұлттық палата кәсіпкерлердің көз алдында кез-келген қауіптен қорғайтын дәру көзіне айналып бара жатқандай. Кәсіпкерлер бізге нешетүрлі мәселемен келеді, ол заңнаманы түсіндіру болуы мүмкін, басқа кәсіпкермен арадағы соттық дау-шар немесе тұйыққа тірелген жағдайдан шығуға көмек сұрап келетіндер де бар. Барлық өтініштер дерлік қарастырылады. Мәселелер ағыны күн санап өсіп келед, Ұлттық палата сарапшылары олардың әрқайсысын мұқият бажайлайды. Ұқсас өтініштер топтарға біріктіріліп, оларды талдаудың негізінде жүйелік мәселелер анықталады. Бір жүйелік мәселені шеше отырып – көмек мыңдаған кәсіпкерге беріледі, сондықтан да кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын

қорғау жағдаятын дұрыстап талдау өте маңызды»,- деп баса көрсетті Кеңес басшысы.

Іс-шара барысында Қазақстанның Фермерлер одағының басшысы Әуезхан Даринов та сөз алды, ол көктемгі-егістік жұмыстарына субсидияның уақытылы бөлінуі мәслесін пысықтау қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ конференцияда «Заңгерлер заңның сақталуы үшін» жобасының басшысы Жангелді Сүлейманов және «Қуатты Қазақстан үшін» азаматтық одағы» ЖК және ЗТБ Президенті Серік Төрегелдин сөз сөйледі. Олар Кеңес қарастырып жатқан кәсіпкерлердің өтініштеріне кеңінен тоқталып кетті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер