astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің алтыншы отырысы өтті

2014 жылғы 29 Сәуір
9383 просмотров

Қазақстанда рейдерлер қалай жұмыс жасайды? Неліктен әкімшіліктер заңның тікелей ұйғарымын елемейді? «Бірыңғай астық холдингі» қалай жұмыс жасайды? Неліктен Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру тоқтап қалуы мүмкін? Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі осы және өзге де сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес – бұл ҚР ҰКП консультациялық-кеңесші органы, ол өткен жылдың қараша айында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ елдегі бизнестің проблемалы мәселелерін көпшілікке ашу мәселелері бойынша міндеттерді тиімді және жүйелі шешу мақсатында құрылған.

Кеңестің құрамына Бас прокуратураның, Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) бірінші басшыларының орынбасарлары, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрілігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ғалым-құқықтанушылар, адвокаттықтың, бизнес-қоғамдастықтың және БАҚ өкілдері кіреді.

Өткен бес отырыстың қорытындыларын Кеңес Төрағасы, Парламент Сенатындағы ҚР ҰКП Тұрақты өкілі Ғани Қасымов өз баяндамасында жасады. Оның айтуынша, бизнесті жан-жақты қорғау ҚР ҰКП және Кеңестің басымдылықтарының бірі болып табылады.

Кеңес отыысының алғашқы мәселесі ақау табуды жүргізгенге дейін көлік бақылау органдарының сәйкес тыйымына байланысты темір жол тасымалдауларында іске қосылған қазақстандық операторлардың вагондарын пайдалануға салынған тыйым болды.

Тыйым жүктерді жөнелтуді вагондармен қамтамасыз етуде қиыншылықтарға, ҚР металлургиялық кәсіпорындары үшін шарт міндеттемелерін бұзуға, вагон иелерінің шығынға батуына әкелді. Кеңес жекеменшік вагондардың рұқсатын шектеу бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияның мерзімінен бұрын болған шешімдеріне тыйым салу бойынша қарар қабылдады.

Кеңесте қарастырылған екінші мәселе «МЖК Строй» ЖШС қатысты болды, ол 10 жыл бойы заңды түрде алынған жылжымайтын мүлік нысанын жергілікті атқарушы органдардың қарсы әрекетіне байланысты дұрыс пайдалану мүмкіндігінен қағылып отыр.

2003 жылы «МЖК Строй» ЖШС Көкшетау қаласынан толық салынып бітпеген ғимараты бар, ауданы 0,22 га болатын жер телімін алады. 2003 жылдан бастап кәсіпкер жерді пайдалану құқығын алу үшін жергілікті әкімшілікке жүгінеді, алайда 2006 жылы жер комиссиясы бұл жер телімін басқа бір тұлғаның меншігіне береді.

Соттың бірнеше шешімі негізінде Көкшетау қаласы әкімшілігінің «МЖК Строй» ЖШС-ға жер телімін беруден бас тарту туралы және бұл учаскені басқа тұлғаға беру туралы қаулылары заңсыз деп танылады.

Сонымен бірге, сот шешімдерінің, прокуратура органлары мен жер инспекциясы ұйғарымдарының болуына қарамастан, Көкшетау қаласының әкімшілігі жер телімін «МЖК Строй» ЖШС-ға беру үшін және оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін қажет шаралар қолданбауымен қоймай, сот шешімдеріне шағыну және оларды орындауды созу жолымен мейлінше қарсылық танытып бағады.

Кеңес Төрағасы Ғани Қасымов атап кеткендей, сот ұйғарымдарын орындамаудың мұндай сорақы деректерінің түп-тамырына балта шабу керек.

Отырыста сонымен бірге Қызылорда облысындағы қамыс-жоңқа тақталарын инновациялық өндірудің тоқтап қалу проблемасы қарастырылды. Жоба авторы Ертемір Нысановтың көз алдында оның қол тумасын тура мағынасында нағыз рейдерлік басып алу драмасы орын алады. Бір қызығы, қаскүнем Ертемір Нысановтың келесі бір фирмасының бухгалтері – Жарқын Омаров болып шықты. Директордың қолын ұқсатып қойған Омаров Жарқын фирма шотынан 100 млн теңгеге жуық соманы жымқырған және бұнымен қоймай шартты жазаға кесіледі. Оның үстіне, осы сызбадағы басқа іс бойынша экс-бас бухгалтерге қатысты қылмыстық іс 5 ай бойы қозғалмай жатады.

Кеңес прокуратура мен қаржы полициясы өкілдерінің назарын осы жәйтке, заңды күшіне енген сот үкіміне және екінші қылмыстық істі қозғаудың созылуына аударды, сондай-ақ жағдайға түсінік бере кетуді сұрады.

Сонымен қатар Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің алтыншы отырысында «Ren» ЖШС қатысты 500 млн теңгеден астам мөлшердегі салық сомасын қосымша есептеудің заңдылығы, Астана қаласының автобус қоғамдық көлігінде төлем жасаудың электронды жүйесінің инновациялық жобасын енгізу мәлелелері, «Бірыңғай астық холдингі» жұмысының мәселелері, «Қазақстандық мақта қауымдастығы» өтінішіне қатысты мақта саласын дамыту мәселелері, жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы кәсіпорындардағы салық салу мәселелері, қауіпті жүк тасымалдаушылар мәселелері қарастырылды.

Кеңестің 6 отырысы күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша барлық проблемалық мәселелерді реттеу үшін нақты шешімдер қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер