astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін даярлау бойынша бесінші отырысқа қатысты

2014 жылғы 04 Мамыр
8739 просмотров

Үстіміздегі жылдың 21-25 сәуірі аралығында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін даярлау бойынша Сараптау тобының 5-отырысы жалғасын тапты.

Сарапшылық топ 2014 жылғы 16 сәуірдегі кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша Жұмыс тобының тапсырмаларын талқылады, талқылау қорытындылары бойынша:

«Кеден органдарына алдын-ала ақпарат беру» 42 бабының оны бермегені үшін жауапкершілік немесе беру мерзімдерін бұзу,  ол берілетін тіл, АТА карнетін қолданумен тасылынатын тауарларға қатысты міндетті тәртіпте алдын-ала ақпарат беруді орнатуға тыйымды алып тастау, сондай-ақ алдын-ала ақпаратты беру мақсатын анықтау жайындағы редакциясы жасалып бітті;

Одақтың кедендік аумағына келген, осындай аумаққа әкелуге тыйым туралы кеден органдары шешім қабылдаған тауарларды кедендік органдар ұстап қалу мүмкіндігін қарастыратын Кеден одағының Кеден кодексінің әрекеттегі нормасы сақталып қалдырылды;

Одақтың Кеден кодексінің жобасына кедендік құжаттар орыс немесе мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылатынын орнататын норма енгізілді. Сонымен бірге кеден операцияларын жасау кезінде басқа мүше мемлекеттің кеден органдарына беруге жататын бір мүше мемлекеттің аумағында толтырылатын кедендік құжаттар орыс тілінде толтырылуға тиіс;

Одақтың Кеден кодексінің жобасына егер орыс тілі мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмаса, осындай ақпарат беріліп отырған кеден органына алдын-ала ақпарат орыс немесе мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде берілетінін орнататын норма енгізілді;

Одақтың Кеден кодексі жобасының 190 бабының 7 тармағының кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде техникалық іркіліс туған жағдайда жазбаша кеден декларациясын тіркеу ерекшелігін қарастыратын редакция жасалды;

Одақтың Кеден кодесінің егер кеден баждарын, салықтарын төлеу бойынша жеңілдіктер беру шарттарын өзгертетін немесе мұндай тауарларға қатысты мұндай жеңілдіктерді алып тастайтын Комиссия актісі және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасы, кеден баждарының, салықтарының мөлшерлемелерін орнатушы (ұлғайтушы) Комиссия актісі және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасы қабылданса және жарияланса, бірақ күшіне енбесе, кеден органы тауарды шығарудан бас тартатынын орнату жайындағы 193 бабы жасалып бітті.

Сараптау тобы 2014 жылғы 16 сәуірдегі Жұмыс тобының тапсырмасын ескере отырып, 29-31, 32 (221-228 баптарын қоспағанда), 34-38, 41-43  тарауларының редакциясы даярланды.

Кеден Одағының Кеден кодексіне түзетулер енгізетін жекелеген халықаралық шарттар бойынша Тараптар сарапшылары жүргізетін жұмысты ескере отырып, жекелеген кедендік процедуралар бойынша кеден процедурасына тауарларды орналастыру шарттары өзгертілді.

Сонымен, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік процедурасына орналастыру шарттары арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеумен толықтырылды (210 б.).

Кедендік транзиттің кедендік процедурасына тауарларды орналастыру шарттарына енгізілгендер (216 б.):

- шетелдік тауарларға қатысты Комиссия анықтаған жағдайларда арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсыну;

- Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекет аумағы арқылы кеден органдарының арасында тасымалданатын Одақ тауарларына қатысты аумағында тауарлар кедендік транзиттің кедендік процедурасына орналастырылатын мүше мемлекетте осындай тауарларға қатысты әкетілетін кедендік баждар мөлшерлемесі орнатылған жағдайларда осы Кодекстің 217 бабына сәйкес кедендік бажды төлеуді қамтамасыз етуді ұсыну.

Тауарларды кедендік қайта өңдеу процедурасына кедендік аумақтан тыс орналастыру шарттары толықтырылды (253 б.):

- осы Кодекстің 12 тарауына сәйкес кеден баждарын төлеуді қамтамасыз етуді ұсынумен;

- осы Кодекстің 1741 бабының 1 тармағына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтаумен.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік процедурасына орналастыру шарттарына келесілер енгізілді (265 б.):

- арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу;

- салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілмесе, салықтарды төлеу;

- арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарға қарағанда басқаша түрде орнатылған арнайы қорғаныс, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік шараларды сақтау;

- осы Кодекстің 1741 бабының 1 тармағына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау.

Уақытша әкелу (рұқсат) кедендік процедурасына тауарларды орналастыру шарттары келесілермен толықтырылды (278 б.):

- осы Кодекстің 277 бабының 3 тармағында көрсетілген тізімге енгізілген тауарларға қатысты уақытша әкелудің (рұқсаттың) кедендік процедурасы әкелу кедендік баждарын, салықтарын төлеусіз қолданылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 282 бабына сәйкес әкелінетін кедендік баждар, салықтарды ішінара төлеумен;

- осы Кодекстің 1741 бабының 1 тармағына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау.

Уақытша әкелудің кедендік процедурасына тауарларды орналастыру шарттарына тыйымдар мен шектеулерді сақтау қосылды (286 б.).

Одақтың Кедендік кодексі жобасының 286, 303 баптары тауарларды кедендік процедураға сәйкес пайдалану шарттарымен толықтырылды.

Тауарларды мемлекет пайдасына жою, бас тарту кедендік процедураларына орналастыру шарттары тыйымдар мен шектеулерді сақтаумен толықтырылды (308, 311 б.).

Талқылаулар қорытындылары бойынша сарапшылар Одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларға экспорттың кедендік процедурасын қолдануға жол берілетн жағдайлар кеңейтілді (212 б.).

Сарапшылар келесі жағдайларды толықтыруға келісті, оған сәйкес мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік процедурасы келесі тауарларға қатысты қолданылмайды (310 б.):

- жарамдылық (тұтыну, өткізу) мерзімі өтіп кеткендерге;

- мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес орнатылған қауіпсіздіктің міндетті талаптарына және (немесе) Одақтың техникалық реттемелерінің талаптарына сәйкес келмейтіндер.

Ресейлік бизнестің сарапшылары кедендік аумақта өңдеудің кедендік процедурасына тауарларды орналастыру шарттарынан мүше мемлекеттер заңнамасымен анықталған өндірістің үзіліссіз циклына жататын технологиялық процесті қолданған жағдайда оларды өңдеу өнімдеріне шетелдік тауарларды кедендік органдардың сәйкестендіру мүмкіндігін алып тастауды ұсынды (240 б.). ҚР бизнес-қоғамдастығы және БР сарапшылары ұсынысты қолдады, ҚР және РФ сарапшылары ұстанымды қарастыруды кейінге қалдырды.

Талқылау нәтижелері бойынша «модернизация» кедендік аумақта өңдеу бойынша операциялар тізбесіне қосылды (241 б.).

Қазақстандық кәсіпкерлерге Комиссия бекітетін тізбеге енгізілген, мүше мемлекеттердің әкетілетін кедендік баждар мөлшерлемесі орнатылған тауарларды қоспағанда, кедендік аумақта өңдеу бойынша операциялар жасау кезінде қолдануға жол берілетін Одақтың тауарлары туралы норманы талқылау ұсынылады (241 б.). Бұл норма Кеден одағының кеден аумағындағы белгілі бір тауарларды өңдеуге байланысты проблемаларды реттеуге бағытталған 2009 жылғы 27 қарашадағы кеден одағының Кедендік кодексі туралы Шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасына сәйкес Одақтың Кеден кодексінің жобасына енгізілген.

БЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің өкілдері тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлары болып табылатын, одан кейінгі коммерциялық қолданылу үшін жарамсыз, кедендік аумақта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды Одақ тауарлары деп танудың мүмкін еместігі туралы ұстанымдарын жеткізді (246 б.). Тараптарға 4 маусымға дейін осы мәселе бойынша ұстанымдарын жеткізу тапсырылды.

РБ сарапшылары кедендік аумақта тауарларды өңдеудің кедендік орган орнатқан мерзімін, сонымен бірге ол өтіп кеткен жағдайда да, мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталған тәртіпте, шекті мерзім (3 жыл) шеңберінде ұзарту мүмкіндігі туралы норма ұсынды (243 б.).

Созылмалы шарттар бойынша мұндай сомаларға қатысты кеден органының тауарларға декларацияны тіркеу күнінен бастап төлеудің мерзімін созу ұсынылса, деген сияқты, белгілі бір мән-жайлар орын алғанда (кеден процедурасының аяқталмауы, шетелдік тауарларды өзге тұлғаға беру, оларды жоғалту және т.б.) әкелінетін кедендік баждардан, салықтардан, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар сомасынан пайыздар төлетуді қарастыратын норма орнатылған.

Жұмыс тобының 5-отырысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері ұлттық заңнамалармен орнатылған мөлшерлемелер бойынша өзге кеден процедурасына тауарларды орналастыруда кеден баждары сомасынан пайыздарды орнату және төлету қажеттігі туралы БР және РФ ұсыныстарын  қолдағанын еске сала кетейік. Қазақстан Республикасының бизнес-қауымдастығының өкілдері пайыздарды орнату және төлетуге қарсы ұстанымдарын жеткізді. 

Қазақстан Республикасынан сарапшылар мемлекет пайдасына жою және бас тартуды кеден операцияларына жатқызу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Тараптарға өз ұстанымдарын үстіміздегі жылдың 4 маусымына дейін ұсыну тапсырылды.

Сараптау тобының 6-отырысын өткізу осы жылғы 20 мен 30 мамыр аралығына жоспарланды.

Біршама егжей-тегжейлі ақпаратпен Сараптау тобының қорытынды материалдарында таныса аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер