Кәсіпкерлер әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгерістер енгізе алады
Заң жобасының тұжырымдамасы 21 мамырда Заң жобалық қызмет мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды. Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастық өкілдеріне «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) өз ұсыныстарын жіберуді сұрайды.
Тұжырымдаманың негізгі ережелері:
- ТЖ жағдайында қызметтерді өндіру бойынша құқыққолдану практикасындағы бар мәселелерді алып тастау (ескіру мерзімі, қашықтықтан іс жүргізу және т.б жайттарды ескере отырып);
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде жетекті пайдалану мәселелерін реттеу;
- соттар және мемлекеттік органдардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі өкіллігін одан әрі жіктеу;
- Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, сондай-ақ әкімшілік-деликтілік заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізу арқылы құқықтық қайшылық пен олқылықтарды реттеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі ұсыныстарына дәйектер құқықтық қатынастар субъектілері үшін оның әсері мен салдарларын егжей-тегжейлі зерделеу, құқық бұзушылыққа ұсынылатын жазалардың мөлшерлестігін объективті бағалау, оны қатайту немесе жұмсарту үшін алғышарттарды талдауға негізделуі тиіс.
Ұсыныстарды мына электронды поштаға жолдаңыздар: kh.shaimerdenov@atameken.kz.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: