astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасының «Қызметтер саудасы, мекеме, қызмет және инвестициялар» Х Бөлімін талқылауға қатысуға шақырады

2014 жылғы 05 Мамыр
8543 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасының «Қызметтер саудасы, мекеме, қызмет және инвестициялар» атты Х Бөлімін талқылауға қатысуға шақырады, оның негізгі мақсаты қызметтер саудасы, мекемелер, қызмет және инвестицияны жүзеге асыруда еркіндікті қамтамасыз ету болып табылады.

Қызметтер саудасы еркіндігінің барынша жоғары дәрежесі «Бірыңғай қызметтер нарығы» ұғымымен сипатталады.

Бірыңғай қызметтер нарығы – қызметтердің нақты бір секторы аясындағы қызметтер нарығының жай-күйі, онда әрбір мүше мемлекет кез-келген басқа мүше мемлекет жеткізушілеріне келесі құқықтарды береді:

1) ұлттық тәртіп және ең қолайлы жағдай тәртібі шарттарында қызметтерді жеткізу және алу;

2) заңды тұлға формасындағы қосымша мекемесіз филиал көмегімен қызметтер жеткізу;

3) өз мүше мемлекеті аумағында осындай қызмет жеткізушіден алған қызметтерді жеткізуге рұқсат ету негізінде филиал көмегімен қызметтер жеткізу;

4) қызметтерді жеткізуші қызметкерінің кәсіби біліктілігін тану.

Х Бөлімге сәйкес мүше мемлекеттер қызметтер секторының барынша көп мөлшеріндегі Бірыңғай қызметтер нарығын құруға және қызмет етуін қамсыздандыруға талпынатын болады. Бірыңғай қызметтер нарығы ережелері таралатын секторлар тізбесі 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін анықталуға тиіс.

ҚР ҰКП жекелеген қызметтер секторларының жеделдетілген ырықтандырылуымен байланысты тәуекелдерге назар аударады (көтерме және бөлшек сауда, қонақ үйлер және қоғамдық тамақтану қызметтері, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер және т.б.).

Қызметтер саласының кәсіпкерлік мен жалпы экономика үшін маңызын ескере отырып, қызығушылық танытқан тұлғаларды ЕЭО туралы Шарттың Х Бөлімін талқылауға қатысуға шақырамыз.

Сіз бұл мәселе бойынша өз ұсыныстарыңызды/ескертулеріңізді ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне келесі e-mail бойынша жолдай аласыз: a.kyssykov@palata.kz.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасының «Қызметтер саудасы, мекеме, қызмет және инвестициялар» Х Бөлімімен мына жерде танысуға болады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасының «Қызметтер саудасы, мекеме, қызмет және инвестициялар туралы хаттама» №15 Қосымшасымен мына жерде танысуға болады.

Оған сәйкес Бірыңғай нарықтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында әрекет ететін Қызметтер секторларының (кіші секторының) тізбесі жобасымен мына жерде танысуға болады.

Жол карталарына сәйкес мүше мемлекеттер Бірыңғай қызмет нарығы ережелерін жүзеге асыруға талпынатын Қызметтер секторларының (кіші секторының) тізбесі жобасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер