astana-view

Бәсекеге қабiлеттi болу үшiн кәсiпкерлер инновациялық қызметпен айналысуы тиiс – М.Томпиев

2014 жылғы 05 Мамыр
3982 просмотров

Бәсекеге қабiлеттi болу үшiн кәсiпкерлер инновациялық қызметпен айналысуы тиiс. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсiп қауымдастығының төрағасы Марал Томпиев мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

«Мен кейбiр кәсiпорындарға жаңа ұлттық стандарттарды әзiрлеудi ұсындым. Қол қусырып отырмау керек. Мысалы, Ресейден алынатын шикiзатқа жаңа ингредиент қосып, оның сапасын қолданыстағы стандарттан жақсартуға болады», - дедi М.Томпиев. 

«Бiз кәсiпкерлердi бәсекеге қабiлеттi болуға шақырамыз. Оның жалғыз жолы – инновациялық қызметпен айналысып, сапаны арттыру», - деп толықтырды ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер