astana-view

Салық заңнамасына қандай өзгерістер енгізілді?

2021 жылғы 30 Маусым
5008 просмотров

2021 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексіне (Салық кодексі)өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

 2022 жылдан бастап мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы арнайы салық режимі енгізіледі, оны жеке кәсіпкерлер пайдалана алады. Енді кәсіпкер мобильдік қосымшада жеңілдетілген тәртіппен Жеке кәсіпкерлк ретінде тіркеуден өтіп, қызметін тоқтатып, ЖТС, әлеуметтік төлемдер және т. б. есептеу бойынша салық міндеттемелерін орындай алады.

 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап салық берешектің шекті мөлшері 6 АЕК мқлшерінде бекітілді, одан төменгі сомадағы қарыз болса шот бұғатталмайды. Сонымен қатар салық төлеуші қарызын төлеген бетте банктерге шот ашуға рұқсат беретін норма қабылданды. Осыған дейін шотты қарыз төленгеннен кейін үш күннен кейін, кей жағдайда бір аптадан кейін пайдалануға рұқсат етілген.

 Қазақстанда алғаш рет өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіруге арналған ғимараттарды, құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды (металлургия өнеркәсібін қоспағанда) пайдалануға беріп жатқан кәсіпкердің (заңды тұлғаның) қосылған құн салығын (ҚҚС) қосымша есепке алу құқығы пайда болды.

Бұдан басқа, өзгерістерге сәйкес жаңа негізгі қорларға қайта инвестициялауға бағытталған салық салудың жалпы белгіленген режимінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің табыстары корпоративтік табыс салығынан (КТС) босатылады. Норма негізгі капиталға инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ЕАЭО елдерінен жекелеген импортталатын тауарларға қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін енгізу көзделген. Тізбе тиісті уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін болады.

 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін зардап шеккен салаларда (бөлшек салық тізбесіне ұқсас қызмет түрлері бойынша) төлем көзінен жеке табыс салығын (ЖТС) және еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік салықты төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер