astana-view

Кинематография мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек

2021 жылғы 02 Шілде
5964 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының пысықталған тұжырымдамасы қайта қарауға келіп түсті.

 Заң жобасын әзірлеу кинематография саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігіне байланысты қолға алынған, атап айтқанда:

  1. кинокомиссия құру және оның қызмет ету механизмін заңнама тұрғысында реттеу;
  2. кинематография саласында материалдық-техникалық базаның сақталуы мен дамуының жүйелендіру және заңнамалық түрғыда регламенттеу;
  3. жаңа ұғымдарды енгізу;
  4. ұлттық фильмдердің халықаралық кинофестивальдерге, кино күндерін өткізуге және Ұлттық фильмді шетелде ілгерілетуге бағытталған өзге де іс-шараларға қатысуы;
  5. кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамытуды регламенттеу, халықаралық кинематография ұйымдарында, комиссияларда өкілдік ету, халықаралық кинонарықтарда, кинобизнес-алаңдарда және басқа да іс-шараларда Қазақстан Республикасының киноиндустриясына қатысу және оған өкілдік ету;
  6. кинематография саласында субсидиялаудың тәртібін анықтау.

 Заң жобасының тұжырымдамасымен «Кинематография туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізіледі.

Тұжырымдамада заң жобасында өңірлік кинокомиссиялар құруды реттейтін түзетулер болады деп болжанады. Кинокомиссияны құрудың мақсаты – тиісті аумақта кәсіби киноөндіріс үшін жағдайларды қамтамасыз ету және басқа өңірлер мен елдерден киноөндірушілер атынан инвесторларды тарту.

 Кинокомиссия өңірлік билік және кинокомпаниялар арасында модератор болады, ал олардың өзара әрекеттесуі «бір терезе» қызметі принципі бойынша қамтамасыз етіледі.

 Кинокомиссия қызметі ақысыз негізге көрсетіледі.  

Заң жобасы шеңберінде ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қызметінің түрлерін кеңейту көзделеді. Ұлттық фильмдердің халықаралық кинофестивальдерге қатысуы, кино күндерін және Ұлттық фильмді шетелде ілгерілетуге бағытталған өзге де іс-шараларды өткізу бойынша функциялар қосылады.

 Заң жобасының тұжырымдамасында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы қызметінің жағдайын жақсарту көзделген.

Фильмдер өндірісін қаржылық қолдаудың қолданыстағы тәртібі «Қазақфильм» АҚ-тың қызметін тиісті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл проблеманы кинематография саласындағы қолданыстағы заңнамаға «Қазақфильм» АҚ арқылы киножобаларға республикалық бюджеттен фильмдер шығаруды жалпы қаржыландырудың 50% көлемінде тікелей мемлекеттік қаржыландыру бөлуді көздейтін норманы енгізу арқылы шешу ұсынылады.

Сахналық қойылым құралдарын (грим, костюм, реквизит, пиротехника) кейінгі жаңа киножобаларда одан әрі сақтау және пайдалану туралы мәселені заңнамалық деңгейде шешу талап етіледі.

 Заң жобасында киножобаларды міндетті түрде субтитрлеу мен тифлокомментациялау, сондай-ақ «кинофестиваль», «кино күндері», «кинонарық» және «кинобизнес-алаң» және т. б. жаңа ұғымдарды енгізу көзделген.

 Сонымен қатар Заң жобасы тұжырымдамасымен «Мәдениет туралы» ҚР Заңына Қазақстан Республикасында және шетелде әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу жөніндегі қағидаларды бекіту жөніндегі Министрліктің құзыреті бөлігінде толықтырулар енгізілуде.

Сондай-ақ, Есеп комитетінің нұсқамасын орындау мақсатында  «Мәдениет және өнер саласының көрнекі қайраткері» ұғымын енгізу жоспарлануда.

Тұжырымдама 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер