astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында трансферттік баға белгілеу мәселелері талқыланды

2014 жылғы 06 Мамыр
9558 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі кәсіпкерлік сектордың ұсыныстарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде қосарланған салық салудан, салық, кеден және т.б. органдарда құн анықтау бойынша тәсілдердің біркелкілігін болдырмауға бағытталған «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі түзетулер талқыланды.

Талқылауға ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің, ҚР ҚМ Салық комитетінің, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, кәсіпкерлік сектордың және құрылымдық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша ҚР ҚМ КБК мен ҚР ҚМ СҚ бірлесіп, сәйкес түзетулердің редакциясын қосымша тексеру шешімі қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер