astana-view

Ақтөбелік кәсіпкер шағын бизнес өкілдері үшін ерікті мүшелік жарналарды енгізуді ұсынып отыр

2014 жылғы 06 Мамыр
8496 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкер шағын бизнес өкілдері үшін ерікті мүшелік жарналарды енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Palata.kz.

Осындай бастамамен Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасына «Қаз Қағаз» ЖШС директоры Мақсат Тұмалиев келді.

«Шағын бизнес өкілдерінің міндетті мүшелік жарналарды төлемейтіндері белгілі. Бірақ ӨКП сарапшыларының өндірістің тоқтап қалуына жол бермей, маған көрсеткен көмегінен кейін, мен шағын бизнес өкілдері үшін ерікті мүшелік жарналарды енгізу бастамасын ұсынуға шешім қабылдадым. Бұл қаражат Қазақстанның экономикасы мен отандық бизнесті дамытуға жұмсалады», деп есептейді Мақсат Тұмабаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Қаз Қағаз» ЖШС он жылдан астам уақыт бойы қағаз өнімдерін шығарумен айналысады. Шамамен сонша жыл бойы фирма бизнесі үшін цехті жалға алады.

Жалға алынып отырған ғимараттың иесі, Ресей азаматына қатысты сот шешімі шығарылды. Жеке сот орындаушылары «Қаз Қағазға» келіп, Тұмалиевке үкім қағазын көрсетіп, цехке сүргі салатындарын ескерткен.

Директор Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап келді. Оның мәселесі бір сағат ішінде оң шешімін тапты.

«Бұл жағдайда сот орындаушылары заң бойынша әрекет етті, бірақ бізге қолдау көрсетіп, ғимаратқа сүргі салмау шешімін қабылдады», - деп Ақтөбе облысының КП сарапшысы Руслан Күйшінов түсіндірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер