АҚШ елшісі түркістандық қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрмеге қатысты
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков және Өңірлік кеңес мүшелері Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті.
Палата директоры елшіге облысымыздағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен және «Бастау» жобасы бойынша ақпараттармен таныстырды.
Кездесуге кәсіпкерлер өздерінің кәсіпорындары туралы айтып, тәжрибе алмасу, туризмді дамыту бойынша арнайы турлар ұйымдастыру секілді ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, ежелден қолөнер орталығы болып саналатын тарихи шаһарымызда «Born Nomad» жобасы аясында қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған арнайы көрме ұйымдастырылды.
Айта кетсек, Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, дәстүрлі қолөнерді сыртқы нарықта жылжыту мен шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы мәдени мұраны сақтау мақсатында «Born Nomad» бірлескен жобасын бастаған болатын.
«Born Nomad - Power Award» ұлттық байқауы қазақ мұрасын қайта жаңғырту мен кеңінен насихаттауға, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен халық шығармашылығының заманауи талдауын рухтандыруға бағытталған.
Мүмкіндіктері кеңейген қолөнершілер сауда мамандарымен, интернет арқылы тауар сатушылар мен шығармашылық индустриясының мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесетін және ынтымақтаса алатын экожүйені құру арқылы жоба Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасында коммерциялық синергия құруды көздейді.
Жоба аясында ұйымдастырылған көрмеге зергерлік бұйымдар, керамика, ағаш ою, былғарыны көркемдеп өңдеу, тоқыма, киіз басу сынды «Ұлттық қолөнер» шеберлері өз туындыларын ұсынды. Көрмеге қатысқан кәсіпкерлер «Born Nomad - Power Award» байқауына да қатысады.
«Бүгінде Түркістан - қолөнері дамыған ірі туристік орталыққа айналуда. Өңірімізге келетін туристер қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен мәдениетінің бір бөлігін өзімен бірге алып кеткісі келеді. Ұлттық қолөнерді дамыту, Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі ірі ұлттық қолөнер орталығына айналдыру бағытында біз өз тарапымыздан «Бастау» жобасы арқылы барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз»,- деді Тимур Нақыпбеков.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: