astana-view

Түркістан облысында екпе алғандар саны жарты миллионнан асқан

2021 жылғы 15 Шілде
- Түркістан облысы
5066 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерелер палатасы ұжымы мен аудандық филиалдары  Нұр-сұлтан қаласының "Медикер Көлсай" және «Mediker Астана» медициналық орталығының мамандарымен ZOOM форматында өткен кездесуге қатысты. Тақырып «Екпе алу».

Барлық өңірлік палаталар қатысқан іс-шара "Атамекен" ҰКП қолдауымен ұйымдастырылды.

Онлайн кездесуде медициналық орталықтың өкілдері қатысушыларға кең көлемді вакцинациялау қажеттілігі туралы түсіндіріп, елімізде «COVID-19» індетінің таралуын болдырмау үшін қолданылатын вакциналардың түрлері мен бірінші және екінші компоненттерді енгізу уақыты туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толымды жауаптарын алды.



Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 518 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды.

Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты ектірген.

Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat Vax және қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.

Сонымен қатар, облыста 846 038 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 570-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді. Олардың 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер