astana-view

СҚО Кәсіпкерлер палатасы басшылығына Әлібек Ашметов тағайындалды

2021 жылғы 21 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
8577 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен, Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Әлібек Ашметов тағайындалды.

 Ашметов Әлібек Сакенұлы 1989 жылы 5 шілдеде Алматы қаласында туған. 2011 жылы Алматы экономика және статистика акдемиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады, 2021 жылы – «Тұран» университетінде «Менеджмент» мамандығымен магистр дәрежесін алды.

 Еңбек жолын 2009 жылы «Анель ДК ПЛЮС» ЖШС дистрибьютерлік компанияда негізгі клиенттермен жұмыс бойынша сауда өкілдері тобының жетекшісі лауазымында қызмет етумен бастады.

 Әлібек Ашметовтің телекоммуникация, дистрибьюция және логистика, сондай-ақ өндіріс пен сатуға маманданған компанияларда жұмыс тәжірибесі бар. 2012 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың наурыз айына дейін ол «Фирма TSA» ЖШС жобалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылғы қаңтардан 2017 жылғы қарашаға дейін «АЛИДИ логистикалық компаниясы» өткізу бөлімінің басшысы болды.

2018 жылдың сәуірінен бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымыда жұмыс істейді. Палатадағы қызметін Алматы қаласы ӨКП әкімшілік бөлім бастығы  болып бастады, онда директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, кейін экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына дейін өсті. Осы кезеңде Әлібек Ашметовтің жетекшілігімен «InfoAlmaty.kz» порталын құру және іске асыру бойынша маңызды жоба іске асырылды, кейін жоба республика ауқымында кәсіпкерлерге жұмыс істеуге жол ашқан  «Infokazakhstan.kz» порталын құруға негіз болды. Әлібек Ашметовтің жетекшілігімен, сондай-ақ Алматы қаласында жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары құрылды.

 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін Әлібек Ашметов «Атамекен» ҚР ҰКП аппаратының жетекшісі болып қызмет атқарды.

 СҚО Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне жаңа директорды ұсына отырып, кеңес төрағасы Олег Иванов Әлібек Ашметовке жаңа лауазымында табыс тілеп, өңірдегі кәсіпкерлік ортаны дамытуға және бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал ететін басты міндеттерді белгіледі.

СҚО Кәсіпкерлер палатасын бұрынғы басшысы Арман Оразғұлов басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан кетті.

   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер