astana-view

ҚР ҰКП Басқарма мүшесі Екатерина Никитинская «Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймағында болып қайтты

2014 жылғы 06 Мамыр
8052 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының мүшесі Екатерина Никитинская «Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймағында болып қайтты.

Кездесу барысында «ИТП» АЭА қатысушы компаниялардың жетекші жобалары көрсетілді, өндірістік қуаттылықтарды кеңейту, сату көлемдерін ұлғайту мәселелері, «ИТП» АЭА резиденттерінің өніміне мемлекеттік тапсырысты орналастыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындылары бойынша Екатерина Никитинская «ИТП» АЭА қарқынды өсуі мен ағымдағы дамуын атап өтті, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде «ИТП» АЭА қатысушы компаниялардың қызметтеріне қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Бұдан кейін Никитинская Е.С. заманауи өндірістік жабдықтарды алуға «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-дан мемлекеттік қолдау алған «Алматы желдеткіш зауыты» Акционерлік қоғамында жұмыс сапарымен болып қайтты.

Е.С. Никитинская болып қайтқан соңғы орын «Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС болды. Кездесу барысында ол Технопарк қызметімен және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қаржыландырған инновациялық жобалармен танысты.

Технопарктің басты міндеті инновациялық жобалар бастамашылдарының қолдануына өндірістік алаңдар ұсыну және оларға кешенді бизнес-қызметтер көрсету, ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру үшін жағымды жағдайлар жасау болып табылады.

2013 жылы Технопарк базасында Өңірлік коммерцияландыру орталығы құрылады, ол мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамытуға, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысында технологияларды коммерцияландыру жүйесін өркендету және дамытуға қолдау көрсетуге тиіс.

Сонымен қатар, Технопарк ғимаратында жүргізілетін Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар деңгейі мен сапасын көтеруге тиісті 6 зертхана орналастырылған.

Технопаркта 2010 жылдан бері 18 инновациялық жоба, соның ішінде 3 инновациялық грант және технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының аясындағы 10-нан астам жоба жүзеге асырылуда, 8 инновациялық жоба бойынша оларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

2013 жылы 3 жоба, соның ішінде машина жасау бойынша бір жоба, табыспен коммерцияландырылды. Коммерцияландыру сатысында әлі 6 жоба жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер