astana-view

Ел бойынша Ashyq  жобасына қосылған кәсіпкерлік саны 74 мыңнан асты

2021 жылғы 02 Тамыз
3672 просмотров

Карантин жағдайында жұмысын жалғастырғысы келген кәсіпкерлік саны тағы артты.  

Ashyq  жобасына қосылу үшін 28 шілдеде 3 754 өтінім қабылданса, 29 шілдеде 22 138 QR-код берілген болатын. 30 шілдеде 13 364 кәсіпкердің өтінімі мақұлданды. 1 тамызда 2 665 нысан қосылса, 2 тамызға қараған түнде 232  бизнес жоба аясында жұмысын жалғастыруға өтінім берген. Нәтижесінде 2 тамыз таңертеңгі жағдай бойынша 74 156 бизнес субъекті Ashyq жобасы арқылы жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, бүгін 5 өңірде (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстарында) карантин шаралары күшейді. Бірқатар бизнес субъектінің жұмысы уақытша шектеліп отыр. Алайда кәсіпкерлер коронавирус инфекциясының таралмауын қамтамасыз ете отырып кәсібін жалғастыру үшін Ashyq арқылы жұмыс істей алады. Тек кәсіпкер нысанға келушілерді міндетті түрде QR-код арқылы тексеруі керек.

Ashyq шарттарын адал орындаған кәсіпкерлерге қосымша жеңілдік қарастырылады. Олардың жұмыс уақыты ұзартылуы мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер