astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасын талқылауға қатысуға шақырады

2014 жылғы 11 Мамыр
8031 просмотров

Әкімшілік кедергілерді алып тастау, халықаралық саудада жағымды жағдайлар жасау мақсатында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасын дайындауға, кеден заңнамасын дайындау сатысында жетілдіруге белсене ат салысуда.  

2014 жылғы 20 мамырда Мәскеуде Жұмыс тобының кеден заңнамасын жетілдіру бойынша 6-отырысын өткізу жоспарлануда.

Отырыс барысында келесі мәселерді талқылау жоспарланып отыр:

1. 2014 жылғы 14-18 және 21-25 сәуір аралықтарындағы сараптау тобы отырысының нәтижелері туралы және осы отырыс қорытындылары бойынша кеден заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс тобының қарауына шығарылатын мәселелер туралы.

2. Кеден операцияларына немесе кеден бақылауына кеден декларациясында мәлімделген мәліметтерді тексеру бойынша әрекеттерді жатқызу бойынша ұстанымдар туралы. Кеден декларациясын тіркеу және кеден бақылауын жүргізуге байланысты мәселелерді талқылау, Жұмыс тобының талқылауына тауарларды электронды түрде декларациялауда автоматты тәртіпте жүргізілетін кеден декларациясында мәлімденген мәліметтерді тексеруді кеден операцияларына немесе кеден бақылауына жатқызу туралы мәселені шығару шешілді.

3. 2014 жылғы мамырда сараптау тобының отырысы үшін еркін кеден аймағының, еркін қойманың және арнайы кеден процедурасының кеден процедураларына қатысты қойлымдық міндетер туралы.

4. Жұмыс тобының 7-отырысын өткізу күні мен орны туралы және күн тәртібінің жобасы туралы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан бұл отырысқа қатысады деп жоспарлануда:

1) Ошақбаев Рахым Сәкенұлы – Басқарма Мүшесі – ҚР ҰКП Төрағасының Орынбасары;

2) Шестаков Геннадий Алексеевич – Қазақстанның Кеден бокерлері қауымдастығы кеңесінің Төрағасы;

3) Сукуров Нұрболат Николаевич – ҚР ҰКП экономикалық интеграция департаментінің директоры;

4) Каримова Эльвира Шағатайқызы – ҚР ҰКП кедендік әкімшілік ету департаменті директорының орынбасары.

Жұмыс тобы отырысының материалдарын мына жерден қараңыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы барлық мүдделі тұлғаларды Жұмыс тобы отырысының мәселелерін талқылауға қатысуға шақырады.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды, сондай-ақ келесі мәселелерді:

- «кеден декларациясында мәлімденген мәліметтерді тексеруді» кеден операцияларына немесе кеден бақылауына жатқызу мәселесіне бірыңғай ұстанымдарды жасап шығару туралы;

- еркін кеден аймағының, еркін қойманың және арнайы кеден процедурасының кеден процедураларына қатысты нормаларды келесі мекен-жайға жолдауды сұраймыз h.sabirov@palata.kz, e.karimova@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер