astana-view

«Ұлы дала елі» байқауына өтінімдер қабылдау аяқталады

2021 жылғы 02 Қыркүйек
4820 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын беру конкурсын ұйымдастырушы ретінде www.ulydalaeli.kz сайтында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау АЯҚТАЛҒАНЫН хабарлайды.

2021 жылы конкурсқа қатысуға 22 ұйым өтінім қалдырды.

Конкурсты ұйымдастырушы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес конкурстың келесі кезеңдеріне көшеді.
Конкурстың негізгі мақсаты — тауарларды экспорттау кезінде отандық компанияны және оның жоғары сапалы өнімін «Ұлы дала елі» ортақ брендімен ынталандыру және позициялау, елдің шет елдерде танымалдығын арттыру.
«Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарықтарда ілгерілететін отандық үздік тауар өндірушілерге беріледі.

Анықтама үшін: 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала елі» тұжырымдамасын қолдап, экспорттаушылар арасында «Ұлы дала елі» ортақ брендін қолдану құқығын беру байқауын алты жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауар (қызмет) өндірумен айналысатын және өнімдерді экспорттайтын заңды тұлғалар қатысады. 2016 жылдан бастап 16 отандық экспортер байқаудың жеңімпазы атанып, «Ұлы дала елі» бірыңғай брендін пайдалану құқығына ие болды. 

«Ұлы дала елі» конкурсы туралы толық ақпарат www.ulydalaeli.kz сайтында жарияланған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер